2019 жылдың басты оқиғалары
1. Өз өнерімен ҚАЗАҚ халқын бүкіл әлемге танытқан Димаш Құдайбергеннің Америкадағы концерті. Ұлттық танымды дәріптеп, қазақша ән шырқаған осындай әншімізді қазақ халқын әлемге танытып отыр.
2. Және екі мың жылда ешкім жазбаған кітап жазған Сәбетқазы Нұрсиланың (Әліпби немесе санаға сараптама) еңбегін де айта кету керек. Аллитерация, ассонас тәсілімен бүкіл әліппені А дан Я ға дейін өлеңмен жазып шыққан кітабы - қазақ тілінің әлемдегі ең бай тілдердің бірі екенінің дәлелі. Ал, біз кейде орысша, арабша сөздерді жиі қолданамыз.
3. Он екі жасында КБТУ ге түскен вундеркинд Абзал Мырзаш латын графикасына негіздеп қазақ әліпбиін жасады. Сол әліпбиге кирилицадан латиницаға аударатын конвертер жасады. Бір минутта мың екі жүзден астам кітап аударады.
Осындай қандастарымыздың сөзіне құлақ асайық.