Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Өзінен 16 жас кіші". Сәбит Әбдіхалықов үшінші рет отау көтерді

"Өзінен 16 жас кіші". Сәбит Әбдіхалықов үшінші рет отау көтерді


Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші жары атанып, құлағына сырға таққан Динара Абдуллина 1989 жылы 30 қаңтарда Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.

Актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші рет отау құрды. Әбдіхалықовтың бұл жолғы таңдауы жас актриса Динара Абдуллинаға түскен, деп хабарлайды Stan.kz.

Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші жары атанып, құлағына сырға таққан Динара Абдуллина 1989 жылы 30 қаңтарда Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.
2007-2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Драма театр және кино" актер мамандығы бойынша білім алған.
2011 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істейді.

2017 жылы "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.


Жас актриса осы күнге дейін көптеген отандық телехикаяларға түсіп, бірнеше басты рөлдерді сомдап үлгерді. "72 сағатта үйлену" атты фильммен көпшілікке танымал. Осы күнге дейін "Шырағым", "Саған сенемін", "Иірім. Ана қадірі", "Шекара шебінде" сынды сериалдарда бой көрсетті.
Телехикаядан бөлек театр сахнасында осы уақытқа дейін Джульетта, Баян, Меңсұлу сынды басты рөлдерді сомдаған.
Актриса БАҚ-қа берген сұхбатында 3-курста оқып жүргенде аяқ-астынан әкесі өмірден өткенін, жанына қатты батқан сол жағдайдан кейін інілерін оқытуды, үйлендіруді, дұрыс жолға түсіруді өзіне мақсат еткенін айтқан.
Айта кетсек, Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші әйелі актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева, одан бір ұлы бар, ал екінші жары әнші Алтынай Жорабаева, одан бес қызы бар.
21 желтоқсан 2019 ж. 2 824 0