Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тәуелсіздік құрдасы колледждің білікті кадры

Тәуелсіздік құрдасы колледждің білікті кадры


Кәмшат Бодықова –Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Ол еліне деген құрметін тындырымды тірлігімен, оқытушылық өнегесімен дәлелдеп жүр. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде «Биология» пәнінің оқытушысы, №14 топтың жетекшісін мақалаға арқау еттік.


Кәмшат Оңталапқызы – жастайынан өнер әлемінің саңлағы болуды армандап, 9 жыл биге қатысады. Аудан атын асқақтатып, бишілер құрамымен бірге Қызылорда, Арал, Түркістан қаласындағы сахнада өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иемденді. Өсе келе, өн бойындағы өнерді аңғарып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуді армандады. Алайда ата-анасының «Өнер жолы – қыз балаға ауыр жол, Самат пен Бағдат ағалары секілді дәрігер болуың керек» деген талабы Кәмшатты бұл ойынан айнытады. Ол дәрігер болмаса да «биолог» болуға бекінеді. 2009 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетіне «Биология» мамандығы бойынша түсіп, 2013 жылы үздік бітіреді.
«Жас келсе іске» дегендей, жас маман 2014 жылы Ақтөбе қаласындағы шағын балабақшадан еңбек жолын бастап, кейіннен сондағы №19 мектепке оқытушы болады. Жандос Жақұдаевпен бас қосады. Жұбайының жұмыс бабымен туған жеріне оралып, 2018 жылдан бері колледжде жұмыс жасауда. Бүгінде Абдуррахман, Мансұр сынды перзентіне тәлімді тәрбие сіңіріп жүрген ана.
Жалпы Кәмшаттың дара қасиеті көп. Адал, ақкөңіл көңілі, берілген тапсырмаға жауаптылығы және көппен тіл табысқыш мінезі көпке үлгі. Сондықтан болар ештеңеден тайсалмайтын үздік ұстаз күллі ұжыммен біте қайнаса татулықта жұмыс жасауда. Өз міндетінен бөлек, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмат Мампаевтың хатшысы. Осындай ізденістері мен сүбелі еңбегінің арқасында Кәмшат Бодықова Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Мақашевтың және колледж директоры Жомарт Шауеновтың арнайы «Алғысына» бөленіп те үлгерді. Ол жетекшілік ететін №14 топ студенті Балтабай Балнұр Тәуелсіздіктің 28 жылдығы аясында өткен облыстық пән олимпиадаларында көш бастап, үздік үштіктен көрінді. «Ұстаз еңбегі шәкірт жетістігімен өлшенбек» десек, Кәмшаттың шәкірттері колледжішілік, ауданаралық, облыстық сайыстарда өз мықтылығын жан-жақты дәлелдеп келеді.
– Адам армансыз, мақсатсыз болмайды. Мақсатым – ел ертеңі болған жастарды қолдау, олардың бойындағы өнерін шыңдап, тура жол сілтеу. Мен өз мамандығыммен, жұмысыммен мақтанамын. Ардақты анам «адам бол, маман бол» деп игі тәрбиесін берді. Бүгінде ата-анадан көрген өнегені шәкірттеріме дарытудамын. Тәуелсіздің төл құрдасы ретінде басты мақсатым – тәуелсіз елдің тұтқасын ұстар ұрпақ тәрбиелеу, – дейді Кәмшат Бодықова.
Иә келешектің кемеліне қол созып, болашақтың баяндылығына жол бастаған Қазақ елінің Тәуелсіздігін тұғырлы ету жолында Кәмшат сынды сапалы мамандардың тың ізденісі қажет-ақ. Мұндай мамандардың, жалынды жастардың еселі еңбегі күллі қазақ жұртына үлгі болса игі.

Ханзада ДОШАН
19 желтоқсан 2019 ж. 986 0