№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында спорттық іс-шара өтті

16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында спорттық іс-шара өтті


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай спорттық іс-шара өткізілді.
Аталған шарада аудандық сот және аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттарынан құралған «Әділет», аудандық прокуратураның «Барыс»,  аудандық полиция бөлімінің «Ақсұңқар», «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры, «Жаңақорған ардагерлері», аудан әкімі аппаратының «Астана», командалары волейбол, шахмат, дойбы спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат-Тәуелсіздікті дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің жағымды имиджін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтырумен және спортпен белсенді насихаттауға тарту, жарысқа қатысатын мемлекеттік қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынастарды күшейту болып табылады.
Осылайша аудандық сот Тәуелсіздік мерекесін тойлауды алғашқылардың бірі болып бастады.
Аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева алғы сөз сөйлеп, іс-шараны ашып, өз сөзінде 16-желтоқсан ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік-бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Бүгінгі таңда елімізде халықаралық стандарттарға сай заң базасы құрылды, әділет органдарының өкілеттігі кеңейіп құлаш жайып, алға қойған міндеттерді атқаруда. Сот органдарының алға қойған міндеттері сот әділдігін, заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық ағарту тиімділігін бұдан әрі көтеру, адам құқығын қорғау. Сот жүйесі құқықтық мемлекет құруға бағытталған барлық күш-жігерлерін салып қызмет атқаруда екендігін айтып өтті.
Салтанатты шара барысында аудан прокуроры Д.Әбіш, полиция бөлімінің бастығы Ғ.Тұрсекеев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша волейболдан «Жаңарған Жаңақорған жастары» командасы 1-орын, «Жаңақорған ардагерлері» командасы 2-орын және «Әділет» командасы 3-орынды иеленді. Сонымен қатар  осы ойында әдемі ойын-өрнегін көрсеткені үшін «Үздік ойыншы» және «Үздік шабуылшы» номинациялары табысталды.
Шахмат ойынынан «Жаңарған Жаңақорған жастары» командасының мүшесі Махамбетов Болат 1-орынды иеленсе, АПБ-нің «Ақсұңқар» командасынан Төлешов Ғани 2-орын, «Әдлет командасының ойыншысы Искендиров Дәурен 3-ші орында  иеленді.
Дойбы ойынынан «Жаңарған Жаңақорған жастары» командасынан Махамбетов Болат 1-орынды, АПБ-нің «Ақсұңқар» командасынан Төлешов Ғани 2-орынды, «Әділет» командасының ойыншысы Мадияров Бақытқали 3-орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыс соңында жеңімпаздарға аудандық сотпен дайындалған дипломдар мен алғыс хаттар және сыйлықтар табыс етілді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
13 желтоқсан 2019 ж. 1 716 0