№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мемлекеттік қызметші қандай болу керек:«Елге қызмет ету - мінезден» республикалық ой-додасы туралы

Мемлекеттік қызметші қандай болу керек:«Елге қызмет ету - мінезден» республикалық ой-додасы туралы


Әділдік, қарапайымдылық үлгісі, жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық және парасаттылық, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған «Елге қызмет ету – мінезден» республикалық байқауына қатысушылардың пікірі бойынша мемлекеттік қызметшілер дәл осы қасиеттерге ие болуы тиіс.

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде аталған конкурстың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау бойынша шара өтті.
Шараға іріктеудің конкурстық комиссия мүшелері – Агенттік төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, «Qazaqstan» телеарнасының шеф-редакторы Серікзат Дүйсенғазы және «Мемлекеттік, банк мекемелері  және  қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірболат Жақыпов қатысты.
Жеңімпаздарды марапаттай отырып, Дархан Жазықбаев әрбір мемлекеттік қызметші Елбасы – Тұңғыш Президент қойған қоғамға есеп беретін және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша Стратегиялық бағыттың міндеттерін іске асыруға өз үлесін қосатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа қамқорлық жасайтын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін еститін және білетін, туындаған барлық проблемаларға жедел ден қоятын және оларды шешетін «Назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу қажеттілігін атап өтті. Мұнда халықпен байланыстың тиімді жүйесін орнату, мемлекеттік қызметшінің жоғары бейнесін сақтау маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің халықтың игілігі үшін нәтижелі қызметінсіз еліміздің жетістігі мен өркендеуіне қол жеткізу мүмкін емес», - деді Д. Жазықбаев
Байқау мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-әдептілік құндылықтарды насихаттауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Бұл ой-додаға тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де қызығушылық танытты. Оған 200-ге жуық адам қатысты.
Қатысушылардың жұмыстары үш номинация бойынша бағаланды: үздік эссе / мақала, үздік бейнеролик, үздік ұсыныс.
Байқаудың нәтижесін шығару барысында, «Шығармашыл адамдарға өмір сүру қызықты, олар адам өмірінің әртүрлі салаларына, ғылымдарға, әсіресе жаңа нәрсе жасауға қызығушылық танытады. Мемлекеттік аппаратқа өз миссиясын анық түсінетін және тәжірибеде жаңа идеяларды іске асыруға қабілетті үлгілі мемлекеттік қызметшілер қажет», - деді МҚІА Төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.
Байқауға қатысушылар өз еңбектерінде ұлы адамдардың сөздерін, оның ішінде әлемге әйгілі философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Мінез – жанның айнасы», қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, үтір, ар, мінез деген нәрселерден озбақ», Алаш Орданың қайраткерлері - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және әрине Абай, Төле би және басқалардан тұратын қазақ зиялыларының сөздерін жиі қолданған.
Айта кету керек, бүкіл қазақ зиялылары туған халқының мүдделеріне қызмет етуді өздерінің миссиясы ретінде көрді, өйткені олардың өмірі халыққа шынайы қызмет ету және жанқиярлықпен, азаматтық, адамгершілік парыздарын саналы түрде орындаумен ерекшеленді, оны қазіргі  мемлекеттік қызметшілер ұмытпауы керек.
«Үздік эссе» номинациясы бойынша марапатталды:
І орын - Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жаңылсын Утешова;
ІІ орын - Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі Ермек Нұрахметов;
ІІІ орын - Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Әбдірахман Дәуленбаев.
«Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша марапатталды:
І орын - Ақтөбе облысы, Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлзат Жеткергенқызы;
ІІ орын -  Атырау қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Әлібек Науаров;
ІІІ орын - Түркістан облысы,  Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі әкімінің бас маманыБағлан Мәуленов.
«Таңдаулы ұсыныс» номинациясы бойыншамарапатталады:
І орын - Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бақы ауылдық округінің бас маманы Нұрлан Әліпбаев;
ІІ орын - Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Қалмұханбет Байсариев;
ІІІ орын - Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Сара Ноғаева.
Үздік жобалар Агенттіктің ресми сайтында жарияланып, мысал ретінде мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, ой-дода 2019 жылғы 20 қазанда бастау алып, 15 қарашада аяқталды. байқауға қатысу үшін үміткерлер эссе, бейнеролик немесе жалпы сұрақтар бойынша ұсыныстар түрінде өз көзқарасын ұсынды:
- мемлекеттік қызметшілердің өз еліне адал қызмет етуі;
- мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара қарым-қатынас жүйесі;
- мемлекеттік қызметшілердің өз жұмысына жауапты көзқарасын күшейту;
- кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
- патриоттық сезімді арттыру.
Марапаттау рәсімінен кейін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері «Мемлекеттік қызметтегі этикалық нормалар: тәжірибе және болашақ» семинарына қатысты.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін одан әрі жетілдіру мәселесі талқыланды, өйткені қазіргі заманғы талаптар мемлекеттік қызметті жетілдіруді талап етеді.
«Бұл мәселеде Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі ерекше», - деп Д. Жазықбаев.
Іс-шара барысында мәжіліске қатысушылар Әдеп жөніндегі уәкілдердің мәртебесі мен өкілеттіктері, өз қызметіндегі проблемалық мәселелерді шешу тетіктері және басқа да мәселелер туралы ойларын ортаға салып, сонымен қатар алдағы 2020 жылға арналған жоспарларды талқылады. Олардың барлығы Агенттікпен зерттеліп, талданатын болады.
Агенттікте атап өткендей, ауқымды алдын алу жұмыстары мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдептілікті өрескел бұзу жағдайлары деңгейін төмендетуге алып келді.

МҚІА баспасөз қызметі
12 желтоқсан 2019 ж. 511 0