№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғауға алынған

Қызылордалық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғауға алынған



Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қызылорда облысына іс сапары аясында «Protecting busines sandin vestments» бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жобалық кеңсесі жұмысы мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету барысымен танысты.
Бүгінгі күні кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мен жылдам форматта қызмет көрсету мақсатында облыс аумағындағы қала, аудандар да кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мүлтіксіз қызмет жасауда.
Алик Шпекбаевтың жергілікті кәсіпкерлерімен кездесуі барысында облыс кәсіпкерлер қауымдастығының атынан Асқар Махамбетов пен Болат Нұрхожаев кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мен сауаттандыруды кешенді жүргізуді ұсынды.
Осы мақсатта қазіргі уақытта жергілікті кәсіпкерлерге құқықтық сауаттандыру мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы жасалған құқық бұзушылықтардың жауапкершілігі туралы «Біз адал бизнес үшін!» атты жадынама таратылуда.
2018 жылы алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында келісімге қол қойған Қызылорда облысындағы Шиелі ауданындағы«Компания Ге жуба Шиелі Цемент» ЖШС тампонажды цемент зауытындағы кездесу барысында Алик Шпекбаев «Еліміздіңдамуынаықпалететінфакторлар – кәсіпкерлердіңқолайлыжағдайдақызметалуыжәне ел аумағында бизнес климаттыжақсартубастыназарда. Зауыттыңбелгіленгенмерзімдеіскеқосылып, ел игілігінеөзтауарларынұсынуы – осығандәлел», – деді.
Жыл басынан бері жоба аясында инвесторлар мен кәсіпкерлерден елуден астам өтініш түсіп, олар бойынша тиісті шаралар қабылданып, бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалған.
Бір мысал, «Фирма Инк-ай» ЖШС орташа жол жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жариялау барысындағы әділетсіздікке шағымданып, жобалық кеңсе мен ішкі мемлекеттік аудит мамандары бірлесіп, камералды зерттеу жұмыстары барысында кәсіпкермен көрсетілген дәйектері нақты дәлелін тауып, нәтижесінде конкурс қайта қаралып, кәсіпкер құқығы қорғалды.
Сыр өңірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге жалпы 554,1 млрд теңгені құрайтын18 жоба
алынған.
29 қараша 2019 ж. 522 0