№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Депутат тұрғындармен кездесті

Депутат тұрғындармен кездесті

  Ел Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының басты бағытының бірі – елмен етене ашық диалогта жүздесу. Әрбір тұрғынның талап-тілегін тыңдап, мұң-мұқтажын шешудің жолын қарастыру. Міне, осы мақсатта облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков пен  облыстық мәслихат депутаты Нуриддин Әмитов Жаңақорған, Өзгент, Қожакент ауылдық округінде  көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға «NurOtan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев пен сала басшылары қатысты.
Қабылдауға келген өзгенттік Дастан Садықовтың айтуынша, жұбайы бұған дейін науқастығына байланысты ІІ-топ мүгедегі санатындағы мемлекеттік жәрдемақыны алып отырған. Алайда ол биылдан бастап әйелін ІІІ-топқа төмендетіп тастағанына наразы. Ауыл тұрғынының сұрағына жауап берген облыстық мәслихат депутаты Нуриддин Әмитов алдағы уақытта ауданға келетін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткізетін арнайы комиссияның алқасында бұл мәселенің қайта қаралатынын жеткізді.
Мұнан кейін, ауыл тұрғыны Құрманбек Нұрмаханов 3 бірдей мәселе көтерді. Біріншіден, тұрғынның айтуынша, ауылдық жаңа клуб салу үшін жоба-сметалық құжаттары жасалынып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына өткізілген. Алайда әлі күнге конкурс жарияланбаған. Осының себебін біліп беруді сауал етті. Екіншіден, «Жастар жылы» аясында ауылдан мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов атында «Жастар аллеясын» салу жөнінде ұсыныс көтерді. Үшіншіден, елдімекеннен спорт кешені салынса деген тілегін жеткізді. Өз кезегінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков ауылдық клубқа қаржы қаралып тұр, алайда оған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салу үшін инвестор табу керектігін тілге тиек етті. Ал екінші және үшінші мәселе аудан деңгейінде шешілетін дүние болғандықтан аудан әкімдігіне ауыл тұрғындары атынан хат дайындау керектігін сөз етті.
Сондай-ақ көшпелі қабылдауға көршілес М.Нәлібаев ауылынан келген ақсақал Серікбай Сұлтанов елдің атынан бірнеше мәселе көтерді. Машбек ауылындағы №17 «Әділ» балабақшасы ғимаратының тозығы жеткендіктен ауылдағы ескі мектеп ғимаратына көшіруді сұрады. Оған қоса, дәрігерлік-амбулаторияны жаңа медициналық құрал-жабдықтар мен қатты инвенторьмен қамтамасыз етуді сауал етті.
Басқарма басшысы Мұхамедиса Әбдрахманұлы ауылдағы мектеп­ке күрделі жөндеу жұмысы жасалатындықтан ол жерге бала­бақшаның көшірілмейтінін жеткізді. Ал балабақшаға жаңа ғимарат салу жөнінде аудан әкімдігіне хат жазу керектігін айтты. Ал халық қалаулысы Нуриддин Егембердіұлы бұған дейін амбулатория қажетті құрал-жабдықпен қаматамасыз етілгендігін айта келе, қатты инвенторьды 2020 жылға қарастыратынын жеткізді.
Мұнан кейінгі көшпелі қабылдау Қожакент ауылдық округінде өрбіді. Қожакенттік Ыбырахым Баязитов ауылдағы ескі мектептің орнына балабақша салынса деген сауалын жолдаса, Балқожа Қараров көшелерді асфальттау, жарықтандыру жұмысы,  өзге де бірқатар мәселелер көтерілді.
Аталмыш жағдайларды «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында қаржыландыру үшін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлііміне хат жолдау керектігін жеткізді. Себебі, бұл бағдарламаға келесі жылы мемлекет тарапынан ауыл әлеуетін арттыру үшін қыруар қаржы қарастырылғаны белгілі болды.
Қос қабылдауды түйіндеген облыстық мәслихат депутаты Нуриддин Әмитов ел экономикасында айрықша орын алатын, мемлекеттің басты назарда ұстайтын саланың бірі – әлеуметтік сала екенін тілге тиек етті. Әрі Мемлекет басшысы әрдайым осы әлеуметтік саланы қолдау мен халықтың әлжуаз топтарына көрсетілген мемлекеттік көмекке баса мән беріп келе жатқанын жеткізді. Сондықтан да бұл бағыттағы қолдау шаралары мемлекет назарынан тыс қалмайтынын сөз етті.

                                                                                                                                                Әбдісамат ӘБДІШ
17 қараша 2019 ж. 698 0