2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді
Қазақстан үкіметі 2020 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күндерін ауыстырды.
ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.
Демалыс күні жексенбі, 5 қаңтардан жұма, 3 қаңтарға ауыстырылды. Яғни, қазақстандықтар Жаңа жылда 1, 2, 3, 4 қаңтар қатарынан төрт күн демалады.
Ал 5 қаңтар, жексенбі жұмыс істейді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 4 қаңтар да – жұмыс күні. Сондай-ақ, мамыр мен желтоқсан айындағы демалыс күндері де өзгертілді. Демалыс күндері: дүйсенбі, 11 мамырдан жұма, 8 мамырға; 2020 жылы жексенбі, 20 желтоқсаннан жұма, 18 желтоқсанға ауыстырылды. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
ktk.kz