№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Атауы ерекше балабақша

Атауы ерекше балабақша


Өскелең ұрпақты еңбекке, өнер – білімге, адамгершілік қасиеттерге баулуда ата-анамен қатар тәрбие орындарының да үлесі көп. Біз ат басын бұрған Екпінді ауылында осындай екі тәрбие нысаны болса, соның бірі Бейсенкүл Қожамжарова басқарып отырған «Гали» жеке балабақшасы. Осы тәрбие ошағының ішкі өмірімен жақынырақ танысуды жөн көріп едік.


Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасындағы тәрбиеден бөлек балабақшадағы жанды да мазмұнды тәлімдік бағдарлардың берері мол. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, отбасы мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыру бала өміріне бағыт – бағдар беріп, болашақ өмір жолындағы кедергілерден мұқалмай өтуіне жол сілтейді.
Баланың бойында ұстазға деген махаббаттың ұшқынын оятып, бал мекеніне айналар аялы алақанды апайларының орны ерекше.
– Тәрбие нысанын Жакипов Мырзахан ағай өзі қаржыландырып, ел игілігіне 2013 жылы пайдалануға беріліп, содан бері жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында талай бүлдіршін біліммен сусындап, мектеп өміріне қанат қақты. Қазіргі таңда 3 пен 5 жас аралығындағы 25 бала тәрбиеленуде. Әрбір бала бізге ата – ананың аманаты. Оларға жауапкершілікпен қарау біздің басты міндетіміз, – дейді балабақша әдіскері Айгүл Әбуова.
Балалар мекенінде балғындармен үш тәлімгер жұмыс жасайды. Балалар қатынас, әлеуметтік, таным, денсаулық, шығармашылық салалары бойынша білім алады. Балаларды ортақ іс қимылына үйрету, оларды ұйымшылдық, тапқырлық қасиеттеріне баулу арқылы түрлі тапсырмалармен қол еңбегіне бейімдеп, қоршаған ортамен таныстыру басты назарда екен. Мұның барлығы ойын түрінде өтіледі.
– Бір айта кететіні, айрықша дарынды зерек, білімге құштар балаларымыз қатарында Елнұр Ералы мен Мейрамбек Альбина балабақшада өтетін шаралардан қалыс қалған емес. Бір әттеген – айы, тәрбие ордасында заманауи технология жағы кемшін, бірақ біз оның орнын өз ықыласымызбен толтыруға тырысамыз, – дейді әдіскер.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие орындарына уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етеді. Бұл жаңашылдықтың баланың мүмкіншілігі мен қарым – қабілетін дамытуға ықпалы күшті.
Жасыратыны жоқ, «Гали» бала­бақшасы басшылығы тәрбие ордасын соңғы технологиямен жабдықтап, жалпы жағдайын оңалтуда күрделі жаңарту жұмыстарын ескерсе нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені мектепке дейінгі шақ балалың қалыптасу кезеңі. Бойындағы дарынын білім-ғылымға құштарлығы мен өнерін ояту осы мекендегі өміріне тікелей байланысты.
Осы тұста өскелең ұрпақты еңбекке баулу арқылы шынайы өмірге бейімдеуде балабақша ұжымымының еңбегі орасан екенін ұқтық.

Майра ҒАНИЕВА
05 қараша 2019 ж. 1 837 0