№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Аймақ басшысы әлеуметтік нысандарды аралады

Аймақ басшысы әлеуметтік нысандарды аралады



Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов фейсбуктағы парақшасында: «Бүгінгі жұмыс күнімді қаладағы бірқатар нысандарды аралаудан бастадым», – деп жазды сенбі күні.


«Алдымен «Ана мен бала» орталығын жөндеу жұмыстарымен таныстым. Өкінішке орай, жұмыс баяу жүргізілуде. Орталықтағы жұмыстарды өзім бақылап отыратын боламын. Мұнан соң, облыстық медицина орталығына да бардым. Бірінші кезектегі мәселе халық арасында сұранысқа ие азық-түлік, және отын бағасы болғандықтан қаладағы дәріханалар мен әлеуметтік дүкендерді аралап, базар жағдайын да өз көзіммен көріп шықтым, – деді Қуанышбек Досмайлұлы.
Әкім жауапты қызметкерлерге алдын-ала ескертусіз әлеуметтік нысандарды аралады. Оның себебі халыққа ұсынылып жатқан азық-түлік, отынның нақты бағаларын біліп, себепсіз көтерілген жағдайды бақылауға алу еді.
– Бүгінгі нысандарды аралау жұмыстарының нәтижесі бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Алдағы уақытта барлығы жеке бақылауымда болады, – деді облыс әкімі.
Қуанышбек Ысқақов Сыр өңірінің тізгінін ұстағалы халыққа жақын екенін танытып келеді. Әлеуметтік көліктерге отырып, халықпен тілдескені әлі есімізде. Енді әлеуметтік нысандарға, сауда орындарына барып, әлеуметтің жағдайын ресми құжаттардан емес, өз көзімен көруді жөн көріпті. Құптарлық жағдай...
Бұл жөнінде әлеуметтік желі қолданушылары өз пікірін білдіріп, сәттілік тілесті. Екі күннің ішінде жазбаны 37 интернет қолданушы бөлісіп, 77 адам түрлі пікір қалдырды. Сонымен желідегі жұрт не дейді?
Дүйсенбек Аяшұлы: «Құрметті әкім, халық үшін уайым жеп, қарадай қимылдаған ісіңіз жұрт ішінде жағымды әңгімелерге арқау болып жүр. Елге адал қызмет етуді парыз санайтын сіздей азаматтың абыройы қашан да биік болмақ».
Мира Жүсүпова: «Əкім болып, халқыңызға жақын болып, патриоттықпен жұмыс атқарып, қарапайым мінезіңізбен, халықпен ортада алтын көпір салып, еткен еңбегіңіз елене берсін! Біз өскелең ұрпақ сізбен мақтанамыз!» десе, Жұмакул Досқалиева: «Жақсы басшы осындай болу керек, баяғыда Әуелбеков осылай ешкімге ескертпестен қаланы жаяу аралап халқының алғысына бөленген, сізге де жұғысты болып, жұмыста абыройыңыз арта берсін» дейді.
Үміт Есендікова: «Сізге бір ұсыныс, базар бағасын көру мақсатымен сауда орындарын аралар болсаңыз, қарапайым адамның кейпіне еніп, аралаңыз. Себебі, әкім-қара келсе, бар істің көзбояушылыққа айналып кететінін білесіз ғой. 120 теңге тұратын картоп сіз келе жатқанда 80 теңге, 100 теңгенің жуасы 70 теңге болып «арзандап» кетеді».
Ақзия Айдын: «Халықтың хал-ахуалын аңдау үшін, базар аралап бағасын тексергеніңізді көріп қуанып қалдым. Кейбір көлеңкелі жағдай көрінбей қалыпты, бірақ. Мысалға, сөктің талқаны 600-ден 1000-ға секірді. Нан да қымбаттады. Нанның грамы стандартқа сай ма екен? Ол да күмәнді. Айта берсе көп».
Одан бөлек алғыс білдірушілер арасында жол, жарықтандыру және т.б мәселелерге назар аударыпты. Әрине оның бәрін қамту мүмкін емес.
Әкімнің бейресми түрде әлеуметтік орындарды аралауын ел ағалары да жақсы қабылдады.
Ардагер ұстаз Тұрдыбек Мықтыбаев: «Тәуелсіздік алғалы Қызылорда облысын қаншама қабілетті, білікті, білімді басшылар басқарды. Солардың қайсысы халықтың есінде қалды? Е.Әуелбековтің қарапайымдылығы, халықпен өте жақын болғаны айтылады. Ол елді мекендерге сапары кезінде алдын ала келісілген жерлерден бөлек орындарға барып халықпен үнемі тілдесіп отырды. С.Шаухамановтың Арал мәселесіне белсенді араласқаны есте тұр. Қ.Көшербаевтың ауқымды істері артында қалды. Осы санаулы басшылардың арасында Қуанышбек Досмайлұлының табылуына тілектеспін! Өйткені өзінің қарапайымдылығымен көп­шілікті баурап үлгерді», – деді.
Ел ағасы Мұзарап Махмұтұлы: «Кабинетте отырып жұмыс бітпейді. Бүгінде бәрі сауатты. Әкімнің әрбір бастамасына бағасын беріп, биіктететін халық. Сондықтан халыққа жақын болған дұрыс. Осыны басшылыққа алыпты Қуанышбек бауырым. Ішім жылып отыр. Себебі статистикалық мәліметтер көбіне шынайы өмірден алшақ. Әсіресе базар бағамы. Оны үнемі назарда ұстағаны құптарлық жайт», – деп өз бағасын берді.
Облыс әкімінің қарекеті «әкім бол, халқыңа жақын бол» ұлағатымен ұштасып жатқаны көңілді қуантты...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
05 қараша 2019 ж. 545 0