№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жыр – менің жалғыз тарланым

Жыр – менің жалғыз тарланым

Бірлік ауылдық кітапханасында "Жыр менің жалғыз тарланым" атты тақырыпта поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау мақсатында ақпараттық видеоролик көрсетілді.
"Жыр - менің планетам"- атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесі жасалды. Шара барысында кітапханашы слайд шоу арқылы ақынның өмірбаянымен таныстырып, шығармаларына шолу жасады. Фариза апамыздың сөзіне жазылған əндер тыңдалды. Бірлік халық театрының режиссері, кітапхананың тұрақты оқырманы Н.Қыпшақбаева Фариза ақынның сыршыл, өткір де өршіл лирикалары жайлы айтып өтіп, оның кітаптарын алып оқуға кеңес берді. Өз кезегінде ақынның "Жарқылдап жанарымда бір от менің" - атты жырын мəнерлеп жатқа оқып берді. Шараға қатысушылар ақын шығармаларын оқи отырып үйлесім сұлулығын, əйел əлемінің энциклопедиясын ақтарғандай əсерде қалды десек болады.


25 қазан 2019 ж. 1 334 0