№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 20 тонна картоп қазған Садықовтар отбасын танисыз ба?

20 тонна картоп қазған Садықовтар отбасын танисыз ба?

Перуза Түлепбаева ер мінезді, батыл да турашыл адам. Оның осы қасиеті көптен ерекшелейді. Бірнеше жылдан бері Жаңақорған кентінде құрылған агро-индустриялық аймақта егіншілердің сөзін басшыларға жеткізіп, мұң-мұқтажын айтып жүрген лидер.

Ол отбасылық бизнесті дамытудың көзін тапты. Отағасы Рисмат Садықов және ұлдары Серік пен Зәкіржанды дала жұмысына біріктіріп, ортақ еңбек етудің жолына салды.
– Биыл агроаймақта 3 гектар жерге картоптың, асқабақ, қауын, қарбыздың дәнін тастап, мол өнім алуға еңбек сіңірдік. Бірақ оңай болған жоқ. Екі-үш жыл егін егілген жерде қайбір құнар қалады дейсіз. Оның үстіне, ондай жерлерге арам шөптер шыққыш келеді. Мал да тыныштықты алды. Отбасымызбен күш салып, 20 тонна картопты қазып алып, өткіздік, – дейді еңбекқор ана.
Оны сондағы егіншілер белсенділігі мен басшылармен қаймықпай сөйлесетіне байланысты бригадир етіп алыпты. Мүмкіндік болса келесі жылы да егін егуді жоспарлап отыр. Бірақ тың жерді қоршалап берсе деген ниетін жеткізді.
– Агро-индустриялық аймақтың инициа­торы Ғалым Әміреев еді. Ол кәсіпкерлікке тіркелгендерге егін егуге жағдай жасады. Қазіргі әкім Сұлтан Мақашов қарапайым, іскер азамат ретінде естідік. Аудан басшысы тың жерден жер қоршап берсе, біз егін егуді жалғастырар едік. Себебі егін шаруашылығы топырақтың құнарлылығына, ылғалдылығына талғампаз болып келеді, – деп тілегін жеткізді ол.
Астық өндіріп, тұрмыс-тіршілігін егінмен байланыстырған адамдардың тілегі жерде қалмайтыны да анық.
– Мол өнім алудың сыры – талмай еңбек етуде. Жер анаға иеліп, ықыласпен жұмыс жасаңыз, ризығын аямай береді. Бірақ қазіргі жастар жалқау болып кетті, – дейді Перуза апа.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
20 қазан 2019 ж. 635 0