Нұрбек Бекбау тренингті неге түнде өткізді?

Мақала тақырыбын айқайлатып қою, барынша қысқа әрі ұғынықты тақырып табу. Мақаланы қалыптасқан жағдайдан бастап, хронологиялық ақпармен байланыстыра жазу жайын сөз етті. Ең бастысы – сараптамадан бөлек, әрбір журналист креативті көзқараста болып, алабөтен ойланудың артықшылығын айтып берді. Оған қоса, ақпарат ағынының толастамай тұрған қазіргі шағында ақпарат берудің жедел әрі тартымды түрлерін көрсетіп, оны қалай іске асыруды ортаға салды. Медиа-тренер көбіне жаңа медианың мүмкіндіктерін, оның аудиториясын қалай ауқымды етуді және оқырман сұранысын қалай жылдам анықтауға болатынын көрсетті.
Осылайша, кешкі сағат жеті де басталған тренинг дала тас қараңғы болып, аспанда жұлдыздар жарқыраған уақытта аяқталды. Ұжым атынан аудандық басылымның бас редакторы Нұрлат Байгенже Нұрбек Бекбауға алғысын білдіріп, уақыт тауып, тәжірибесімен бөліскеніне ризашылығын білдірді.
Әбдісамат ӘБДІШ