Соңғы жаңалықтар

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

23 қазан 2026 ж. 127

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » "ҚазАгроның" 1100 қызметкері жұмыссыз қалады

"ҚазАгроның" 1100 қызметкері жұмыссыз қалады

Соңғы кездері басы даудан арылмаған «ҚазАгроның» үш еншілес компаниясы жабылады. Соның арқасына 3 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделмек. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Өксікбаев бұл туралы бүгін Сенатта мәлім етті, – деп хабарлайды КТК арнасы. 

"Бұрын «ҚазАгро» құрамында 7 еншілес кәсіпорын болса, сараптаудан кейін оның екеуін жауып, біреуін «Агронесиелік корпорациясына» қосатын болдық. Өйткені олар бірбірінің жұмысын қайталайды. Нәтижесінде «ҚазАгроның» 1100 адамы қысқарып, 3,2 миллиард теңге үнемделеді", - дейді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Өксікбаев.

«ҚазАгроның» батпаққа батып қалғанына біраз болды. Жыл басындағы есеп бойынша, ірі холдингтің қарызы 400 миллиард теңгеге жетіп жығылған. Анық болғаны, бұл 2013-2018 жылдар аралығында қабылданған шешімдердің қорытындысы екен.

Мамандардың айтуынша, ірі компанияның мұндай жағдайға түсуіне негізінен 2 жағдай әсер еткен. Бірі – теңге девальвациясы, екіншісі – несиелендіруші банктердің дефолтқа ұшырауы. Қарызға батып берекесі қашқан холдингтің өзі ғана. Ал еншілес компаниялары тұрақты табыс әкеліп жатыр дейді мамандар.

28 қыркүйек 2019 ж. 727 0