Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Біз сенімен біргеміз»

«Біз сенімен біргеміз»

2019 жылдың тамыз айының 28 күні Жаңақорған аудандық пробация қызметі және Жаңақорған аудандық спорт бөлімімен бірге іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар арасында «Біз сенімен біргеміз» атты қол күрес, арқан тартып, бұқа тарту, қаппен ұру сайысы өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттау барысында өткізілген іс-шарамыздың баршамызға берер пайдасы зор. Өнімді еңбек ету – сотталғандар үшін ең алдымен денсаулығы мықты, көңіл-күйі көтеріңкі болу үшін керек.
Жаңақорған аудандық пробация қызме­тінің қызметкерлерінің басты мақсаты – сотталғандарды түзеу, қайта қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтың жолын кесу болып табылады. Осыған байланысты сотталғандар бір рет қылмыс жасап жаңылыс қадам басқаны үшін, екінші рет қылмысқа яғни құқық бұзушылыққа жол бергіздірмей өмірге деген көзқарасын жақсы жағынан көрсете білуіміз керек. Сондай-ақ спорт пен еңбекті үйлестіре біліп, еңбегінің жемісін көрген есепте тұратын азаматтар бар екенін айтуға тиіспіз.
Жаңақорған аудандық пробация қыз­метінің есебінде тұратын сотталғандар арасында «Біз сенімен біргеміз» атты қол күрес, арқан тартыс, бұқа тарту, қаппен ұру сайысында «Ұлан, Жігер, Арыстан, Тұлпар, Қорған» атты командалары бойынша ішінен жақсы көзге түскен азаматтарға: 1, 2, 3-орындарға бағалы сыйлықтар бері­ліп, марапаттау қағаздары берілді. Спорт­ты күнделікті өмірдегі қажеттілікке айнал­дырған бұл азаматтар өнегелі өмір қағидасына бейімделе түсетініне сенімдіміз.

Ә.Мұратбаев,
әділет капитаны.
28 қыркүйек 2019 ж. 868 0