» » Жастарға арналған баспананы алу үшін қандай құжаттар қажет

Жастарға арналған баспананы алу үшін қандай құжаттар қажет

Қазақстанда жұмыс істейтін 29 жасқа толмаған жастарға тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жалға беру ережелері бекітілді.
Бұл туралы krisha.kz хабарлайды. Әкімдіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды тапсыру мерзімі туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін үміткерлер мына құжаттарды Жастар саясаты мәселелері басқармасына тапсыру керек:

- Өтініш.
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Дипломның көшірмесі
- Неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда).
- Балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болған жағдайда).
- Өтініш берушіде және отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама
- Жұмыс орнынан анықтама
- Соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама (кірісі кемінде 40 АЕК немесе 101 мың теңге болуы керек).
- Еңбек өтілін растайтын құжаттар.
- Банктік шот нөмірі туралы анықтама
- Банк шотындағы ақша қаражатының қалдығы мен қозғалысы туралы есеп.
- Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттар (бар болған жағдайда).

Құжаттар бес жұмыс күні ішінде тексерілуі керек. Егер өтініш берушіден барлық анықтамалар жиналмаса, тағы бір күн беріледі.

Содан кейін он жұмыс күні ішінде әкімдік ұпайларды есептеп, талапкерлердің тізімін жасайды. Неғұрлым көп ұпай болса, пәтер алу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Дайындаған: Динара Доспан



26 қыркүйек 2019 ж. 660 0