№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы марқұм туысының ақшасын қалай алады

Қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы марқұм туысының ақшасын қалай алады


БЖЗҚ азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан және ерікті зейнетақы жарналарынан түскен ақшалар, өзге де жинақтар салымшылардың меншігі болып қала беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ, олар қордағы ақшаны олардың туыстары ала алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы".

Қордағылар «Мұрагерлік құқығы кімге тиесілі?» деген сауал туындаған жағдайда марқұмның туыстарына Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мұрагерлік құқығының кепілхат немесе заңға сәйкес жүзеге асатындығын басшылыққа алуға кеңес берді.
«Кепілхат болмаған жағдайда немесе мұрагерліктің барлық тағдыры анықталмаған жағдайда мәселе заң жүзінде шешіледі. Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес мұрагерлікке құқығы барлар кезек бойынша танылады», - деді басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.
Адам қайтыс болғаннан кейін оның туыстары келесі құжаттар мен әрекеттерді жүзеге асырулары керек: өлгені туралы куәлікті алу – нотариусқа өтініш беру – мұрагерлік құқығы туралы куәлікті алу – БЖЗҚ-ға өтініш беру. Мұрагерлікке қалған зейнетақы жинақтарын алу үшін мұрагерлер Қорға өздері немесе сенім білдірілген тұлғалар арқылы хабарласа алады.
«Сондай-ақ, пошта арқылы да келесі құжаттарды жібере алады: БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген форма бойынша өтініш; алушының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның өлімі туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі; мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі ( түпнұсқасы) немесе мұрагерлікке қалдырылған мүлікті бөлу туралы нотариус куәландырған келісімнің көшірмесі (түпнұсқасы) немесе заңды күшіне енген сот шешімі; алушының банктегі есепшоты туралы мәлімет», - деп тізімдеді басқарма төрағасының орынбасары.
Жоғарыда аталған құжаттар тапсырылғаннан кейін БЖЗҚ келесі әрекеттерді жүзеге асырады: жерлеуге арналған біржолғы төлем құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде; мұрагерлерге зейнетақы жинақтарын толық көлемде төлеу құжаттар қабылданған немесе БЖЗҚ-ға күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
Мұнымен қатар, мұрагерлердің зейнетақы жинақтарын алулары туралы толық ақпарат қор сайтында орналастырылған.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін қайтыс болған адамның БЖЗҚ-дағы ақшасының қайда кететіні туралы хабарлаған едік.

01 тамыз 2019 ж. 871 0