№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаржы министрі әйелдер не үшін 63 жаста зейнетке шығу керектігін түсіндірді

Қаржы министрі әйелдер не үшін 63 жаста зейнетке шығу керектігін түсіндірді

Үкімет әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету орынды деп санамайды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте журналистерге премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz
«Біз әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтып жатырмыз. Жақында заңға өзгеріс енгіздік, соған сәйкес 58 жастан 63 жасқа дейінгі әйелдердің зейнеткерлік жасы 10 жыл сайын алты айда бір рет көтеріліп отырады», - деді Смайлов.

6 қыркүйекте өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында қоғам қайраткері Жәнібек Қожық әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету туралы ұсыныс айтқан болатын.

«Біз бұл ұсынысты естідік, бірақ әлемде кері процесс жүруде. Осы күні әйелдер зейнетке 65-67 жас аралығында шығады. Себебі дүние жүзінде өмір сүру деңгейі жақсарып, халықтың өмір сүру ұзақтығы артып келеді (...). Бізде де әлем елдері секілді халықтың өмір сүру ұзақтығында өзгеріс бар. Оның ішінде 65 жастан асқан адамдардың да үлесі өсуде. Егер мұндай жастан асқандардың саны халықтың 7%-ын құрайтын болса, БҰҰ стандарттарына сәйкес, халқы қартайып жатқан ел санатына кіреміз. Бізде бұл көрсеткіш өсіп келеді», - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің тұрақты және зейнеткерлер үшін лайықты өмір сүре алатындығын қаласақ, онда жүйенің тұрақтылығына мән беруіміз керек екен.

Сонымен қатар ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтылған барлық ұсыныс үкіметтің қарауына алынды деп баса айтты.

«Әрбір ұсынысқа қатысты тиісті органдарға тапсырмалар берілді. Олар бүгінгі таңда барлығын қарастырып жатыр», - дейді Әлихан Смайылов.
26 қыркүйек 2019 ж. 1 086 0