№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Денсаулық фестивалі

Денсаулық фестивалі


Дені сау адам – елдің басты капиталы. Яғни бұқаралық спортты дамытып, спортпен шұғылданушы жастар санын арттыру міндет. Бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізілуде. «Денсаулық фестивалі» осындай мұратпен үндес екені анық. Биыл «Денсаулық сандарына қол жеткіз!» ұранымен өткен акцияға 400-ге тарта жаңақорғандық қатысты.


Таңалакеуімнен мектеп оқушылары мен студент жастардың жаяу жүру марафонынан бастау алған шараға қатысушылар орталық алаңда бас қосып, одан әрі денсаулық мерекесіне ұласты. Әуезді әнге би жаттығуларын жасап, денелерін шынықтырды. «Дені сау ұрпақ – табысты болашағымыздың кепілі» деп Елбасы айтқандай, еліміздің денсаулық сақтау саласында жасалынып жатқан реформалар мен игі шаралардың барлығы халық денсаулығын жақсартуға бағытталып жатқаны қуантты. Денсаулық фестивалін ашып беру үшін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков:
– Денсаулық мерекесі – барлық азаматтар үшін ортақ думан. Ұлт саулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру, аурулардың алдын алуда мұндай шаралар ұйымдастырылып тұруы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға көңіл аудару керектігін баса айтты, сонымен қатар тиісті тапсырмалар жүктеді. Белсенді жастар арқасында осы жолдауға сәл де болса аудан тұрғындарының атынан үлес қостық деп ойлаймын. Денсаулық – зор байлық екенін айтулы мереке күні ғана емес, күн сайын сезініп, спортпен шұғылдансақ саламатты Қазақстан тұрғындары болатынымыз сөзсіз, – деді.
Келесі сөз кезегін аудандық емхана басшысы Сәкен Үсейінов алды.
– Игі дәстүрге айналған бастамалардың бірі – «Денсаулық фестивалі». Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат – қарапайым тұрғындарды спортқа тарту болатын. Саламатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алу – денсаулықтың негізі факторы екенін түсіндіру. Бұған қоса, мұндай мазмұнды шаралар төл мәдениетімізді, тарихымыз бен рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға оң ықпалын тигізіп қана қоймай, келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге көмектеседі. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани жағынан пайдасы зор осындай жиындар біздің тарапымыздан алдағы уақытта да жалғасын таба береді деп айтқым келеді, – деді емхана басшысы.
Сонымен қатар шара барысында Сәкен Алаудинұлы салауатты өмір салтын насихаттауда спорттық шараларға үлес қосқаны үшін оза шыққан жастарды аудандык емхана, спорт бөлімі және аудандық жастар денсаулығы орталығы атынан сахна төрінде марапаттады. Айта кететіні, орталық алаңдағы салтанатты шарада аудандық емхана басшысы колледж директоры Жомарт Шәуеновты спорттық шараға 300-ден аса белсендіні тартқаны үшін «Фестивальге ерекше үн қосқаны үшін» номинациясымен марапаттады.
Мәні зор денсаулық фестивалі шарасында тұрғындар тек мерекелік көңіл күйге бөленіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар, түрлі спорттық сайыстарға түсіп, өздерінің қай деңгейдегі спортшылар қатарына жататындығын анықтауға да мол мүмкіндік алды.

Лаура БИБАСАРОВА
17 қыркүйек 2019 ж. 1 175 0