№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ: МЫҢ АДАМҒА ДЕМ БЕРДІ

ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ: МЫҢ АДАМҒА ДЕМ БЕРДІ


«Табысты ел болудың ең бірінші байлығы – халық денсаулығында». Осылай деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауынан қолдау тауып халық денсаулығын нығайту жолында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Мұның бір айғағын, елдің әрбір өңірінде дәстүрлі игі шаралардың белең алумен байланыстыруға болады. Осындай игі шара Жаңақорған кентінің орталық алаңында өтіп, аудандық «Денсаулық фестиваліне» мыңға жуық адам қатысып, ерекше әсерге бөленді.
Фестивальдің мақсаты — тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Шараға облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысы Ұлбосын Аханаева қатысып, фестивальдің маңыздылығына тоқталды.
– Елдің ең бірінші байлығы – халық денсаулығы. Денсаулық бар жерде халықтың да, елдің де мерейі арта бермек. Сондықтан халықтың спортқа бейім болып, салауатты өмір қағидасын қалыптастыруы үшін жыл сайын осындай шаралар ұйымдастыру қажет. Бүгінгі шараға атсалысып отырған аудандық аурухана басшылығына, спорт бөліміне және мәдениет бөлімі қызметкерлеріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Халық үшін қаракет еткен бейнеттеріңіз Тәңірден қайтсын, – деген департамент басшы халықпен бірге игі шараларға қатысуға ниетті екенін жеткізді.
«Дені саудың — жаны сау» ұранымен жаттығу жасауға кіріскен жастар орталық алаңда сап түзеді. Марафонға спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, барлық басқарма өкілдері, зейнеткерлер, спортшылар, дәрігерлер, сарбаздар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар, «Денсаулық — зор байлық» автошеруі де жұртшылықтың көңілін сергітті. Автошеруде жұртшылық өз саулығына жіті көзқарас танытып, арнайы рентген аппаратынан тексеруден өтті.
Аудан әкімі Ғалым Әміреев фестиваль беташарында сөз алып:
– «Ауырмай тұрып, денсаулықтың қадірін біл». Осынау тәмсілдің тереңіне үңілсеңіз, денсаулықтың адам өмірінде маңызды орны барын ұғамыз. Демек, сау кезіңде күш қуатыңды елдің игілігі жолында жұмсап, халықтың ықыласына бөленсең, бойдағы жақсы қасиеттерді дамытып, ар мен намыс жолында еңбек етсең, барға қанағат етсең ұтқаның. Сексен үш мыңның үстіне шыққан елдің дені сау, келешегі кемел, болашағы жарқын болуын тілеймін, – деді.
Денсаулықты дәріптеген шарада дене жаттығуларымен қатар, стритбол, қол күрес, аударыспақ секілді ойындар ойнатылып, жеңімпаздар анықталды. Фестивалге қатысушы Ажар Айқын «Фестивалге қатысып, өзімнің жаңа қырымды аштым. Спорттық шарада өзімді нағыз спортшы секілді сезіндім. Алдағы уақытта бос уақытымды спортқа арнап, биік белестерді бағындырсам деген ой туды. Сондықтан, ұйымдастырушыларға сансыз алғыс айтамын», – дейді жүлдегер.
Ия, денсаулық – бір күндік емес, адамның айнымас серігі, сүйенер таянышы. Сондықтан, оған тиянақты көзқарасымыздан танбасақ екен.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
11 қыркүйек 2018 ж. 851 0