№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны көбейтуді жоспарлап отыр

Қазақстанда асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақыны көбейтуді жоспарлап отыр


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі асыраушысынынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта қарауды ұсынады, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын ұсынды.
«Әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету үшін асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін қайта қарау ұсынылады, бұл әрбір асыраудағы адамға тең үлесті қамтамасыз етеді», - деді Светлана Жақыпова әділет министрлігінде ведомствоаралық комиссия отырысында.
Ол қазіргі кезде асыраудағы адамдар неғұрлым көп болса - жалпы жәрдемақы мөлшеріндегі әрқайсысының үлесі соғұрлым төмен болатындығын түсіндірді.
«Бүгін біз асыраудағы бір адамға бір соманы анықтау мәселесін қарастырып жатырмыз. Қолданыстағы заңнама тек индекстеуді қарастырады. Мысалы, егер бір адамға 0,86 болса, егер олар екеу болса, онда ең төменгі күнкөріс деңгейі бар-жоғы 1,25 болады. Енді біз бір адамға 0,86 сома жағдайында сол кезде олардың әрқайсысына осы сомада есептеу керек. Яғни, балалардың санына сәйкес бұл көрсеткіш артады», - деп түсіндірді вице-министр.
12 қыркүйек 2019 ж. 530 0