PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (8287)

10 қыркүйек 2019 ж.

№68 (8286) 03

03 қыркүйек 2019 ж.

№67 (8285) 30

30 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Тоқаевтың баспасөз хатшысы жаңа қызметке сайланды

Тоқаевтың баспасөз хатшысы жаңа қызметке сайланды


Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли "ҚР президентінің телерадиокешені" КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады sputniknews.kz сайты.


Берік Уәли туралы не білеміз
Берік Уәли 1977 жылы туған. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында "Кинотанушы" мамандығы бойынша оқыды. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы – журналист. Сондай-ақ, гуманитарлық-заң инновациялық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.
Түрлі жылдары "НТК", "Таң" телеарналарында тілші, жауапты, бас редактор қызметтерін атқарды. Qazaqstan арнасында тележүргізушісі, "Нұр Медиа" сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болды. Берік Уәли Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың наурыз айында Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
07 қыркүйек 2019 ж. 76 0