№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәәәу әпжылан үйлерді күзетеді екен

Дәәәу әпжылан үйлерді күзетеді екен

Тылсым табиғаттың құпиясына үңіліп, оны мекендейтін түсі суық, мақұлықтарды – жыландарды өздерінің айтқанына көндірген адамдардан айла артылған ба? Мәселен, Оңтүстік Африка Республикасының Стелленбош қаласында тұратын бизнесмен Лума Фурьенің вилласының сыртқы шарбағында ерекше тақта орнатылған. Онда көрнекті етіп: "Абайлаңыз, питон!" деп жазылған. 
Монти атты өзінің сүйікті питоны туралы Фурье қызықты әңгімелеген.
– Менің Монтиім бес жылдан бері үй-жайымды сенімді күзетіп келеді. Осы уақыт ішінде бірде-бір қарақшы аулымызға бас сұққан емес. Өйткені, олар аса қырағы жыланнан қатты қорқады. Біз үшін мәселенің үлкені – үй жинаушы кісіні табу. Питоннан сескенетін олар емін-еркін жүре алмайды. Сөйтсе де менің ең жақсы досым, ақылды барлық жағдайды қас-қабағыңнан түсінеді. Ол ауланы бейсауат адамдардан қорғап қана қоймай, бір мезгіл бой сергітіп, өзімен ойнағанды жақсы көреді. Үйге келген қонақтарды жазбай таниды. Олардың кішкентайынан балаларымен бассейнде бірге шомылған. 
Монти өз қожайынын екі рет ауыртпай шағып алыпты. Оның мұнысы маған "тамақ керек" деген ескертуі екен. 
АлФурьенің үйіне жақын жерде африкалық улы жылан асырайтын Дени Малерб тұрады. Жыландарын зерттейтін орталықта қызмет істейтін ол да үйін жыланға күзетуді үйретіпті. Дени өз үйінің маңына өте айбарлы гадюкасының суретін салып, оның астына ескерту жазған. 
"Есітмеген елде көп", демекшіүй күзеткен жыландар туралы әңгіме осындай. 
20 тамыз 2019 ж. 682 0