2019 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
2019 жылдың мамыр айындағы демалыстар күнтізбесіне үкіметтің 2018 жылдың 26 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес өзгерту енгізілген.
"2015 жылдың 23 қарашасынан күшіне енген Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры – сенбі күнгі демалысты 2019 жылдың 10 мамырына ауыстыруға қаулы шығарды", — делінген еліміздің нормативтік-құқықтық актілерінің Ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған құжатта.Осылайша Жеңіс күні – 9 мамырдан бастап қатарынан төрт күн (9-12 мамыр) демалыс беріледі, 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі – жұмыс күні.
Сондай-ақ қазақстандықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (сәрсенбі) мен 7 мамыр – Отан қорғаушы күнінде (сейсенбі) қосымша демалыс алады.
Жалпы алғанда мамырдағы 31 күннің 11-і демалыс болады.