№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТЕГІН БІЛУ – ТЕКТІЛІК

ТЕГІН БІЛУ – ТЕКТІЛІК

  Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойды. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндеті де тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде.


   Дана қазақ, «Жеті атасын біл­мейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел тексіз», деп жеті санын айрықша қадір тұтқан. Жасырытыны жоқ, жас буын тарихқа қызығудан қалып, шежіре ұмытылып барады. Осыны ескерген Жаңарық ауылдық клуб үйінің ұжымы игі іс-шараға ұйытқы болды. Мектеп оқушылары арасында шежірешілер байқауын өткізіп, үздік шежірешіні анықтады.
«Тәрбие көзі – тарихымызда» атты аудандық шежірешілер бай­қауына 14 ауылдық округтен 16 талапкер қатысты. Шараны клуб үйінің директоры Жадыра Ахметова ашып, өз сөзінде, шежіре деген – шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі, тарих ғылымдарының бір тармағы, атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша дерек көзі екеніне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыстың мақсаты – сөз қадірін өз қадірім деп білген, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді, билердің шешендік мұраларын насихаттау, тілге шешен, ділмәр сөз шеберлерінің өнеріне қолдау көрсету. Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту болатын. Болып өткен сайысты «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мәтелмен де байланыстыруға болады. Жетесіздік сөзі өз алдына, генетикалық тұрғыда да маңызы ерекше екенін байқауға болады. Қан тазалығы арқылы ұрпағының саулығын ойлаған дана халқымыздың көрегендігін айқын­дайтын тәмсіл бұл.
   – Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау заман­дардан ата-бабалармыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабалармыздың өнеге-өсиетін пай­далана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады. Оларды имандылыққа, мейірімділікке тәр­бие­леу және оқушы бойына әдеп­тілік және адами қасиеттерді қалыптастыру, жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөздерден ғибрат алуды басты парыз санадық. Ата-бабалармыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік сөздер өте көп айтылды. Осы сөздерден өнеге алар мақсатында өткізілді, – деді Келінтөбе ауылынан шараны арнайы тамашалауға келген Шарипа апай.
Ұлттық құндылықты ұлықтаған шежірешілер байқауының нәти­жесінде №167 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Аружан Зейілбек 1 орын, Назым Әбілбашар мен Арузат Байтемір 2 орын, Шапағат Мадиярқызы мен Қызғалдақ Ны­сан­ша 3 орынды өзара бөлісіп, ауыл әкімінің алғыс хатымен мара­патталды.
   Ұрпақты бөлінуге емес, қайта оны білімді әрі білікті етіп тәрбиелеу, санасына сапалы мәлімет сіңдіру – қоғам алдындағы жауапкершілігі зор міндет.

Лаура БИБАСАРОВА.

24 сәуір 2019 ж. 1 857 0