№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Желбуаз аспабын білеміз бе?

Желбуаз аспабын білеміз бе?


Ежелгі заманнан бүгінгі дәуірге дейін жеткен ұлттық музыкалық аспаптары­мыз­дың әрқайсысының өз тарихы бар. Сондай өзіндік шығу тарихы бар аспаптың бірі – желбуаз.  Желбуаз – қазақ халқының көне саз аспаптарының бірі. Жалпы тұрқы қауашақ тәрізді, іші қуыс етіп, тұтасымен көн теріден жасалады. Екі не үш жеріне дыбыс беретін ұзынша үндік түтікшелер қамыстан орнатылады.

Түтіктің аузында ашылып-­жабылатын тілшесі, бекітетін тығыны болады. Мойынға асып алуға ыңғайлы арнайы қайыс бау тағылады. ­Орындаушы желбуазды қолтыққа қысып, түтіксырнайдың ойықтарын басып әуендетеді. Желбуаздың жасалу тәсілі өте күрделі. Аспап жасайтын тері жарғақты жүнінен тазартып алып, қоламта қызуына уқалай отырып жұмсарта созып кептіреді. Аспап әбден дайын болған соң сыртын табиғи қына шөбімен бояп тастайды.
Әл-Фараби сөз еткен, Вэн ­Сунь, П.Юдин сипаттамасын жасаған осы желбуаз аспабын Көктүрік дәуірін­де «қыпшақ» деп атаған болуы мүмкін. Орыс зерттеушісі П.Юдин өзі­­­нің «Қырғыздар» (қазақтар) атты зерттеу еңбегінде былайша сипаттайды: ­­­­­«…қысқа екі қамыс түтікше (най) үрле­ген қарынның аузына қосып ­байланады. Сол най түтікшеден шығатын ­үн волынканың үніне ұқсас».
Желбуазды ежелгі түркілер заманынан бері қолданған. Бұл сөзімізді Вэн Сунь деген адамның Орхон түріктерінің ортасында болып, соның әсерінен қағазға түскен деректерінде: «Өлген адамның мүрдесін шығарғанда түріктер бетін жыртып қайғылы ән салып жылайды. Осы кезде ат үстінде тұрған адам тері дорбаның аузына екі түтікше байлаған саз аспабын ойнап тұрады. Оның себезгілете әуез шығарып, күрсіне боздаған қайғылы үні адамның қабырғасын қайыстырып, небір аянышты сезімге жетелейді. Бұл аспапты түріктер «цюше» деп атайды екен». Ал «цюше» сөзін синолог Г.Карлгерн, тарихшы А.Н.Бернштам секілді шетелдік ғалымдар «қыпшақ» деп аударған. Бұл аспап қазіргі біздің атауымыздағы желбуаз аспабының нақ өзі. Қазақ халқының домбыра­сы­ның өзін кезінде екі түрлі атаған. Біздің бүгін «Абай домбырасы» деп атап жүрген аспабымызды кезінде «қыпшақ» домбыра деп, эллипсойд шанақты домбыраны «оғыз» домбырасы деп те атағаны мәлім. Дәл осы сияқты байырғы заманда «қыпшақ» деп аталған үрмелі аспапты кейін «желбуаз» деп атаған болуы әбден мүмкін.
Филология ғылымының ­докторы, түркітанушы Қаржаубай ­Сарт­қожаұлының деректеріне сүйенсек, желбуаз (қыпшақ) сияқты аспапты белорустар, француздар бүгінге дейін оркестрінде ­пайдаланып келеді. Волынка іспеттес бұл ­аспапты белорустар «дуду» деп ­атайды екен. «Дуду» славян лексиконы емес. Түрік, моңғол тілдерінде «ән, әуен» деген мағына береді. Өйткені Жошы империясының құрамына славян халықтары кіргеннен (1240 жылдары) кейін ғана бұл аспап Еуропаға, белорустарға тараған болуы мүмкін. Кезінде желбуаз аспабын Н.Тілендиевтің «Отырар сазы» оркестрінің құрамында сүйемелдеу үшін пайдаланғаны белгілі. Жел­буаздың ел арасында «желқабыз», «мес қобыз», «желсаз», «жел қобыз», т.б. атаулары бар.
Қазақ халқынының көнеден келе жатқан саз аспаптарын қайта жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа насихаттау кезек күттірмейтін мәселе. ­Рухани жаңғыру кезеңінде атадан мирас б­олып қалған асыл мұраларымызды жиыстырып, көздің қарашығындай сақтауымыз қажет.
anatili.kazgazeta.kz
15 мамыр 2018 ж. 1 491 0