№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2002 жыл: Денсаулыққа қамқорлық

2002 жыл: Денсаулыққа қамқорлық


Еліміздің еңсесі тіктеліп, халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлініп, 2002 жылы «Денсаулық жылы» деп жарияланған тұста аудан орталығынан шалғай елді мекендердегі медициналық қызмет көрсету мекемелері жаңа ғимаратқа көше бастады. Мұны «Жаңақорған тынысы» газетінің 2002 жылы, 5 желтоқсанында жарық көрген мақаладан аңғаруға болады.


Тәуелсіздікті жариялап, ел экономикасын қайта құрып, қаржылық тапшылықтан арылу он жылға жуық уақытты қажет етті. Осы жылдар аралығында елімізде әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізілмеуі бюджет қорының аз болуымен байланысты еді. Қиын уақыттарды артқа тастап, ұлттық қазына қомақты қаржыға толыққан сәтте ең алдымен халықтың денсаулығын жақсартуға назар ауды.
Ата Заңымызда көрсетілгендей, бірінші байлық – халық денсаулығы екенін ескере отырып, шалғай ауылдардағы медициналық қызметті жақсарту мақсатында жүзге жуық медициналық пункт салуды жоспарлады. Денсаулыққа дем берген осы жылы ауданда алғаш рет Құттықожа ауылында медициналық бекет бой көтерді.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Дамир Дәулетбаев пен облыстық қазынашылық басқармасының басшысы Құттықожа Ыдырысов қатысып, көпшілікті қуантқан еді. Осы кеште аудан төңірегіндегі 16 ауылдағы медициналық бекет жаңартылатыны айтылды.
Республикалық бюджеттен 9 млн. теңге қаражат бөлініп, аудандағы барша медициналық бекеттер күрделі жөндеуден өтті. Халықтың асар әдісімен басталған бекеттің құрылысы бір жылда аяқталып Құттықожа ауылының көркіне айналды. Осы ауылдың жанашыр ел ағалары Мұзарап Әлімбетов пен Баһадүр Сұлтанахметов жаңа ғимаратқа тарту-таралғысын жасады.
– Әлі есімізде, ауылда біреу ауырып қалса, Шалқия кентіндегі ауруханаға жеткізу ақырет еді. Аядай ғана бөлмеде қызмет көрсететін дәрігерлердің жағдайы алаңдатарлық, пеш жылымайды, ауруларды қарау мүмкін емес болды. Қыс пен күз айларында тек ауруларды үй жағдайында қарап, асқынған науқастарды Шалқия мен Жаңақорғанға жөнелтеміз. Кейде әйелдер толғатып, қиындық туындайтын. Міне, осындай келеңсіздіктерден құтылып, заманауи әрі кең ғимараттың рахатын көріп жүрміз, – деді Құттықожа ауылындағы фелдшерлік-акушерлік бекеттің аға дәрігері Жайсанкүл Оралбекова.
Айта кетейік, Құттықожа ауылындағы медициналық бекет 2002 жылы асар әдісімен салынса, 2013 жылы мемлекет тарапынан қолдау тауып, заманауи ғимаратқа қол жеткізді. Мұнда 7 медициналық қызметкер еңбек етуде. Тарқата айтсақ, 1 жоғары білімді дәрігер, 2 медбике, акушер, қарауыл мен санитар еңбек етуде.
Тарихқа зер салсақ, отыз жылда мұндай ағайынның ауызбіршілігін арттырған игі шаралар көп. Осындай игі істердің басы-қасында жүрген ел ағалары П.Ержігітов, Т.Балғабаев, Ш.Абжелелов, Қ.Көшербаев, Ж.Мәуленқұлов, Е.Ибрайымов пен З.Шермағамбетовтердің ұйымшылдық һәм іскерлік өнегесін үлгі етеміз. Аға буынның осындай өнегесі әлі күнге дейін өз ізін жоғалтқан емес.

Мақпал МАРҚАБАЙ
19 тамыз 2021 ж. 707 0