Соңғы жаңалықтар

№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Елбасына арнап монумент орнатылды

Елбасына арнап монумент орнатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент - Н.Ә.Назарбаевтың ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.
Президент Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ескерткішінің ашылу салтанатына он-лайн режимінде қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекетіміздің дамуының стратегиялық жолын анықтап, ортақ мақсатқа жету жолында халықты топтастырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы екенін атап өтті. "Бейбітшілік пен тұрақтылық, береке мен бірлік - Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Әр мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған ерекше тұлғалар бар. Өскелең ұрпақтың міндеті - олардың еңбегін бағалау және құрметтеу", - деді Президент.


03 шілде 2020 ж. 955 0