№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "ЖАЛАҢАШ АТА" КЕСЕНЕСІНІҢ ТАРИХЫ

"ЖАЛАҢАШ АТА" КЕСЕНЕСІНІҢ ТАРИХЫ


ХҮІ ғ. № 26 бекеттен оңтүстік-шығысқа қарай 1 шақырымда орналасқан.Жалаңаш ата кесенесі қалың тораңғы өскен көлдің жағасында, теміржолдан бір шақырымдай жерде орналасқан. Кесененің артында қатты қираған және жермен жексен болған үлкен қорым бар. Ескерткіш 2002 жылы тұрғызылған жаңа кесенемен алмастырылған. Жаңа кесене-күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, шеңберлі күмбезі мырышталған металдан жасалған. Ескерткіштің сырты жұлдыз пішінді, сырылып тасталған кесененің кіреберіс бөлігінің үстіне салынған онша биік емес шығыңқы қасбеттен тұрады. Қираған кесене шаршылы болып келген негізі екі сатылы күмбезбен көмкерілген. Оңтүстік-батыс қабырғасының ортасына кесененің түкпіріне апаратын кіреберіс ойығы бар дәліз-дромос жалғанған. Негізгі аумақтың төрт бұрышы жауырыншалармен безендірілген. Осы бұрыштардың іргетасы үлкен тастардан қаланған. Күмбездің төменгі кертпеші бұрыштары доғаланып келген шаршы пішінді, ал жоғарғы кертпеші-дөңгелек. Онда төбелік ойық пен төрт жағында орналасқан шаршы пішінді саңлаулар бар. Кіреберісі ұзындығы екі метрлік дәліз түрінде қаланған қам кесекті екі қабырғадан тұрады. Жабындысы сырғауылды болып келген оның кіреберісі есікпен жабылған. Кіреберістің сол жағында ақ мата байланған бақан орнатылған. Күмбез сыланбаған. Камераның шаршылы негізінен күмбез шеңберіне өту камера негізінің бұрыштарындағы қортық аркалы тромпондар арқылы жүзеге асырылған. Камера қабырғаларының орта тұсында параболлалы кескіндегі аркалармен көмкерілген кең қуыстар бар. Камераның төменгі бөлігі күмбездің негізіне дейін сыланған. Камераның ортасында қам кесектерден қаланған қабір үсті ескерткіші тұрған. Ақ матамен жабылған оның солтүстік бөлігінің үстінде қошқардың бас сүйегі болған. Кіреберістің сол жағындағы қуыста тағы біреуі орналасқан, бірақ шағындау болып келген бұл қуыс жерлеумен байланысты. Ол-қабір үсті ескерткішінің жоғарғы бөлігіне қарсы орналасқан. Онда тартулар (ақшалар) болды, мүмкін Құран сақталған. Зиярат етушілерге жағдай жасалынған. Қорғау тақтасы орнатылған. Айналасы ұрпақтарының көмегімен қоршалған.
Жергілікті маңызы бар ескерткіш.
12 наурыз 2018 ж. 2 202 0