№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Көне қаланың келбеті

Көне қаланың келбеті

Бүгін Қазалы ауданына жол түсті. Мақсат – ауданмен аттас газеттің 10 жылдық мерейтойына қатысу. Мерейтойлық бағдарламада Жанкент қаласына бару бағдарланыпты. Көне қалаға жетуге асықтық. Әйтеке би кентінен 40 минуттық жерге екінті ауа жеттік. Жанкент ауылдық округінің әкімі Нәби ағамыз жол бастап, көне қалаға байланысты аңыздардан сыр шертті. Ауыл кітапханашысы Несібелі Нұрадин де білген-түйгенін ортаға салды.


– Көне қорғанның өмір сүрген кезеңі VII-XIV ғасырға жатады. Шаһар Жібек жолы бойындағы маңызды қалалар қатарынан болды. Бір кездердегі оғыздардың астанасы. Аралдан шығатын ас тұзын Еуропа елдері мыңдаған жылдар бұрын Жанкент қаласынан алдыртып отырған көрінеді. Оғыз патшалары осы қаланы мекен етіп, билік жүргізген, – деді көне қаланың тарихына қанық Нәби ағамыз.
Шығармашылық топты бастап барған "Сыр медиа" ЖШС бас директоры Аманжол Сақыпұлы, "Қазалы" газетінің редакторы Есет Табынбаев құнды мәліметтерімен бөлісті.


Қала аумағы 16 гектарды қамтыса, қорғаныс аумағы 45 гектар. Жаудың қозғалысын ескертетін қорған төбелер 15 шақырым қашықта орналасқан екен.
Аңыздарға сүйенсек, Жанкентті билеген Санжар хан әулие Қара бура Әзімнің қаһарына ұшыраған екен. Ханның қарамағындағы қала халқымен қоса опат болған. Жыландар қаласы болуы Қара бура әулемен байланыстырылады.


Жазба мәліметтерге жүгінсек, 1219 жылы Жанкентке моңғолдар басып кіріп, шаһарды өртеген делінеді.
Жібек жолы бойындағы қала XIV ғасырда байырғы қалпына келтірілген. Сол дәуірдегі Жанкент ислам мәдениетінің орталығына айналды. Алайда, мың рет құлап, сан мәрте бой түзеген Жанкент шаһары бір ғасырдан кейін мәңгіге жойылды.


Бүгінде қаланың орнында төбешікке айналған. Тарихтың куәгері ретінде осы төбелер менмұндаалайды. Шығыс жақ бетінде қала қабырғалары сақталған.


Бүгінде ашық аспан астындағы қалаға айналдыруды қайта қалпына келтіру жұмыстары, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде екен.
Әріптестерімізбен көне қала жайлы қанығып, естелік суреттерге түсіп қайттық.
Ұлы Далада өзіндік орны бар Сығанақ қаласын да осындай ашық аспан астындағы орталыққа айналдыратын кез келгендей. Жанкентте осыны түйдім.

03 қазан 2019 ж. 894 0