18-20 қазан күндері аралығында Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған облыстық ашық турнир өткізілді. Жарысқа 17 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:...
Қол күрестен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы 2018-2019 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері Әбусейіт Реметов пен Радбек Фазыловқа аудан әкімі Сұлтан Мақашов Азия кубогынан жүлдемен оралғаны үшін алғыс білдірді. Қос спортшы 3-7 қазан күндері Алматы қаласында өткен Азияның ашық кубогінде 2 орынға қол...
Кеше Қызылорда қаласының туылған күніне орай мерекелік шарада Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Досмайылұлы еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жаңақорғандық Дәулет Ниязбековті арнайы құттықтады. Жылы лебізін білдіріп, 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасына сәттіліек телеген аймақ басшысы...
2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің Әлем чемпионаты өткені белгілі. Жауапты сында жаңақорғандық балуан Дәулет Ниязбеков табысты өнер көрсетіп, күміс медальды қанжығасына байлады. Содан бері жерлестері батырды асыға күтіп жүрген-ді....
Жақында Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда жаңақорғандық жас зілтемірші Мейрамбек Әбдіхалық жұлқа көтеру әдісі бойынша рекорд жаңартып, қарсыластарын артта қалдырды....
Алатаудан Қаратауға сүйінші ағайын. 3-7 қазан күндері аралығында Алматы қаласында өткен қол күрестен Азияның ашық кубогінде жерлестеріміз Реметов Абусейт пен Фазылов Ратбек жеңіс тұғырынан көрінді. Екеуі де күмісті қанағат тұтты.Шыңғыс Азнабаевтан тәлім алатын қос спортшы да бұған дейін ел және Азия...
Нидерланд елі Голландия атауынан ресми түрде бас тартты. Өте қызық. Нидерланды өзін Голландия деп атамайтын болды. Бұл елдегі билік Голландия десе дүниежүзіндегі жұрттың көз алдына есірткі мен «қызыл шамдар» көшесі елестейтінін ескеріп, ребрендинг жасауды ұйғарған. Бұдан былай барлық халықаралық және...
Бүгін Сыр елінің жұрты сүйіншілейтін күн. Себебі футболдан 20 жыл күткен ел кубогы «Қайсар» командасына бұйырды. Елорда төрінде өткен финалдық кездесуде қайсарлықтар «Атырау» командасынан басым түсіп, келер жылы Еуропаға жорыққа шығу құқына ие болды.Тартысты өткен кездесудің 67-минутында атыраулық Петр...
Қазақстандық Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті....