Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Головкинге IBF титулын қайтаруға мүмкіндік туады

Головкинге IBF титулын қайтаруға мүмкіндік туады

  Қазақстандық Геннадий Головкин IBF титулы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектің барлық талабына келісті. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.

 Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі трансляциялайды. Мәміле аяқталуға жақын қалды. "Дереккөз: GGG 5 қазанда MSG аренасында Деревянченкомен жекпе-жек өткізу үшін барлық талапқа келісті. Деревянченконың кеңесшілері Кит Коннолли және Эл Хэймон келісімшартқа әлі қол қоймады, бірақ ол жүзеге асса, Головкинге IBF титулын қайтаруға мүмкіндік туады", - деп жазды Коппинджер.

  Бұған дейін Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегінің уақыты осы аптада мәлім болатыны хабарланған. Сондай-ақ, украиналық спортшының гонорары да айтылды, бұл тек ол үшін емес, оның еліндегі боксшылары алмаған рекорд қаражат болайын деп тұр. Еске салайық, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин арасында жекпе-жек тағайындады. Тараптарға келіссөз жүргізуге 30 күн берілді, ал олар сәтсіз болған жағдайда промоутерлік сауда-саттық тағайындай алады.

14 тамыз 2019 ж. 953 0