Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Головкин америкалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

Головкин америкалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегінде америкалық 29 жастағы Брэндон Адамспен (21-2, 13 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы The Ring және FOX Sports журналисі Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.

Инсайдер күзде мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу жоспарланып отырғандықтан, қазақстандыққа қарсы оны жеңіп кетуі мүмкін қарсылас қоймайтынын айтады.
«Мәлімет көздері: Брэндон Адамсқа орта салмақта Геннадий Головкинге DAZN-дегі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас болу ұсынылды. The Contender (америкалық спорттық реалити-шоу) соңғы маусымын ұтқан Адамс GGG-дің маусым айына жекпе-жегіне қарсылас ретінде қарастырылып отыр.
GGG өзін жеңіп кетуі мүмкін боксшымен жұдырықтаспайды, DAZN «Канеломен» күзгі айқасына қанша құйып отырғанын есепке алу керек. Бокстағы бұл тәсіл көнеден келе жатыр. GGG - Адамс жекпе-жегімен қиындықтар туындамайды», - деп жазды Коппинджер Twitter желісінде.

20 наурыз 2019 ж. 1 267 0