№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Головкиннің рингке қашан шығатыны анықталды

Головкиннің рингке қашан шығатыны анықталды


DAZN стриминг сервисі қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегінің уақытын тағайындады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 
ESPN ақпараты бойынша, DAZN басшылығы өз кестесінде 5 қазанды бекітіп қойған. Бұл Головкин үшін платформамен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің екіншісі болады. 
Бұған дейін жекпе-жектің 5 қазанда өтетінін BoxingScene тілшісі Кит Айдек пен The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеген болатын. 
Айта кетейік, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта чемпион атағы үшін Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегін тағайындаған болатын. Қазір екі тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Кездесу 5 тамызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтуі ықтимал. 

ДЕРЕККӨЗ: tengrinews.kz

06 тамыз 2019 ж. 795 0