№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «АРМАНЫМ – ӘЛЕМДІ ИЛАНДЫРУ»

«АРМАНЫМ – ӘЛЕМДІ ИЛАНДЫРУ»

Жаңақорған ауданында тоғыз­құмалақтан тұңғыш «спорт шебері» атағын алған Мадина Нұрсейіт екенін көпшілік біле бермейді. Біз интеллектуалдық ойынды меңгерген талант иесін мақалаға арқау еттік.

Бүгінде ауданда тоғызқұмалақтың аяқалысы жақсы. Оған білікті бапкер Қасым Асылбектің шәкірттері түрлі деңгейдегі аламандарда аудан абыройын асырып жүргені дәлел. Мәселен, екі жыл бұрын Мәдина Нұрсейіт мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы чемпионатта дара шығып, «спорт шебері» атанды.
– Мадина маған тоғыз жасында келді. Дарынды, ойы ұшқыр баланың түбінде төл өнердің төріне көтерілетініне сендім, – дейді оның бапкері.
2014 жылы жасөспірімдер арасында өткен чемпионатта қоламен қуантты. 2015 жылы күміспен оралды. Одан кейін ел кубогында екі рет жүлде алды. 2018 жылы жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында дара шықты.
– Тоғызқұмалақ талдауды үйретеді. Әр түрлі жағдайды сараптауға баулиды. Есте сақтау қабілетіңді арттырады. Математикаға жүйрік боласың, – дейді спортшы.
Иә, тоғызқұмалақтың өзі математика емес пе? Себебі өзіңнің жүрістеріңмен қатар қарсыласыңның жүрісін есептеп, алдын алып отыру маңызды.
– Тоғызқұмалақты спорт түрі деп есеп­темейтіндер бар. Біз әр партияны 1 сағатқа дейін ойнайтын кездер болады. Ол үшін үлкен физикалық дайындық, шыдамдылық керек. Тоғызқұмалақ логиканы, ойлауды дамытады. Оны ойнаған адам өмірде кез келген ситуацияны тез сараптан өткізіп, дұрыс шешім қабылдай алады. Яғни, жақсы стратегке айналады, – дейді Мәдина.
Ол әлем чемпионы болуды мұрат тұтып, дайындығын үдеткенін айтты.
Айта кететіні, Мадина спортшы ғана емес, шәкірт тәрбиелеуді бастаған бапкер.
Оның өмірге деген құштарлығы көпке үлгі екені даусыз...

Лаура БИБАСАРОВА.

15 маусым 2019 ж. 1 048 0