№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ-2019": НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ?

"ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ-2019": НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ?

Қазақтың алыптары айқасатын «Қазақстан барысы» мәресіне жетті. Осымен 9-шы рет ұйымдастырылған турнирге 36 балуандар бақ сынап, «Алтын белбеу» мен «алтын тайтұяқ» үшін бозкілемде барын салды. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен ІХ «Қазақстан барысы» турниріне еліміздің ең мықты деген 36 балуаны бақ сынады. Жалпы биылғы жарысқа 37 балуан қатысуы керек болса, алайда былтырғы «барыс» Ержан Шынкеев спорттық ғұмырын аяқтап, жолын жастарға беретінін мәлімдеді. Жастарға жол берген Ержанның ізенен ерген жастардан алаш жұрты алтынды күткен еді...
Ұлан Рысқұл, Бейбіт Ыстыбаев, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиевке бұйырған алтын белбеу бұл жолы екінші рет Айбек Нұғымаровтың қанжығасында кетті. Алты сағатқа созылған биылғы «Қазақстан барысы» турнирінің финалына Шығыс Қазасқтан облысының екі балуаны Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев шықты. Өте тартысты өткен белдесуде Айбектің бағы жанып, екінші рет «Қазақстан барысы» атанды. Ал аталған жарысқа екінші рет қатысып, екінші рет финалда бас жүлдеден қол үзіп қалған Ерасыл Қажыбаев биыл да «Күміс белбеу» иегері атанды.
Ал, қола үшін айқаста Нұр-Сұлтан қаласының балуаны Айбек Сейтен мен Алматы қаласының арланы Руслан Әбдіразақов арасындағы жекпе-жек тартысты өрбіді. Қос астананың балуандары кездескен белдесуде Руслан Әбдіразақов екінші рет «Қазақстан барысының» қола жүлдесін иеленді. 
«Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау шарасына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Халықаралық қазақ күресінің президенті Қанат Бозымбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шораев қатысты. 2019 жылғы «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаровтың беліне «Алтын белбеуді» Арыстанбек Мұхамедиұлы байлады. Сонымен қатар шығысқазақстандық балуанға «алтын тайтұяқ» пен 25 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Балуанның бапкері де құралақан қалған жоқ, чемпионның жаттықтырушысы 3,5 миллион теңге сыйақыға ие болды.
Бұдан бөлек, турнирде күміс жүлдегер атанған Ерасыл Қажыбаевқа «Күміс белбеу» мен 5,5 миллион теңге тапсырылды. Ал оның бапкері 1,8 миллион теңге иеленді. Үшінші орын иеленген Руслан Әбдіразақовқа 1,8 миллион теңге, бапкеріне 900 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Айта кетейік, бұл додаға Сыр елі екі балуанын қосқан болатын. Алайда, Нұрым Сәлімгереев пен Мақсат Исағабылов жүлдеге іліне алмады. Келер жылы біз олардан жеңіс күтетін боламыз...
09 маусым 2019 ж. 870 0