№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » "Қалай істеді?": Шетелдік БАҚ ерекше гол соққан қазақ футболшысына таңғалды

"Қалай істеді?": Шетелдік БАҚ ерекше гол соққан қазақ футболшысына таңғалды

Ресейлік Sports.ru сайты шымкенттің "Ордабасы" клубының ойыншысы Тоқтар Жаңғылышбайдың голын маусымның ең әдемі голының бірі деп бағалады. Комментатор қазақстандық шабуылшының ойынына таңғалды деп хабарлайды NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".

Шымкенттік клубтың шабуылшысы Жаңғылышбай "Астана" клубына тамаша гол салды.
Тоқтарға сол жақ қапталдан әріптесі пас береді, ал допты футболшы ерекше әдіспен тоқтатып, қақпаға тоғытты.
Шетелдік БАҚ қазақ футболшысына таңғалғанын алға тартып,мұндай сәттерді тек айтулы чемпионаттардан ғана көретінін ашып айтты.
Спорт комментаторы Жаңғылышбайдың тоқтату әдісін атақты Деннис Бергкамп ойынымен салыстырды.
Ол осыдан 17 жыл бұрын лондондық "Арсенал" ойыншысының "Ньюкасл" қақпасына соққан голын еске түсірді.
Айта кетейік, "Астана" мен "Ордабасы" арасындағы ойында елордалық клуб 2-1 есебімен жеңіске жетті.


16 сәуір 2019 ж. 857 0