Месси «Алтын бутсаға» тартыста Мбаппеден алшақтай түсті

Аргентиналық футболшы Испания чемпионатының 29-шы турындағы «Эспаньоламен» ойында дубль жасап, соққан голдар көрсеткішін 31 допқа жеткізді. Ал оның басты бәсекелесі ПСЖ клубының форварды Килиан Мбаппе Францияның 1-ші лигасының 30-шы турында «Тулуза» қақпасына бір ғана гол салды. Бұл франциялықтың чемпионаттағы 27-ші голы ғана.
Рейтингтегі ұпай жинау келесідей: салынған голдар саны чемпионат күшінің коэффициентіне көбейтіледі.
Үлкен бестік біріншілігінің коэффициенты ең жоғары - 2,0
«Алтын бутсаға» үміткерлердің алғашқы сегіздігі:
Лионель Месси («Барселона»): 31 гол (x2.0) / 62 ұпай
Килиан Мбаппе (ПСЖ): 27 гол (x2.0) / 54 ұпай
Фабио Квальярелла («Сампдория»): 21 гол (x2.0) / 42 ұпай
4-8. Криштиану Роналду («Ювентус»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай
4-8. Кшиштоф Пентек («Милан»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай
4-8. Серхио Агуэро («Манчестер Сити»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай
4-8. Роберт Левандовски («Бавария»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай
4-8. Дуван Сапата («Аталанта»): 19 гол (x2.0) / 38 ұпай