Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АСТАНА КӨШ БАСЫНДА

АСТАНА КӨШ БАСЫНДА

Кеше Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі үшінші іріктеу кезеңі аяқталды. Топтық кезеңдегі ойындар бел ортасына жақындаған сайын тартыс күшейе түсті. Әсіресе, "К" тобында Астанамен бірге өнер көрсететін Киевтің Динамосы керемет нәтижеге қол жеткізді. Кезінде Еуропада талай шыңды бағындырған динамолықтар сол жетістігін қайталауға ниетті. Кеше олар Францияда жергілікті Ренн командасын қапы қалдырды.
Ал, Астана да қарап қалған жоқ. Олар Чехияға қонаққа барып, 1 ұпайды еншілеп қайтты. Ойынның алғашқы минуттарында шабуылы толассыз өрбіген Яблонец жігіттерінің екпіні көп ұзамай басылып қалды. Алғашқы минуттардағы қарқын алаң иелеріне есепті ашуға мүмкіндік сыйлады. Десе де араға жеті минут салып астаналық клуб есепті теңестіріп кетті.  
Поважанец пен Педро Энрике салған голдан кейін есеп өзгермеді. Осының нәтижесінде Астана өз тобында көш бастады. Енді қалған 3 ойында да ұпай жоғалтпауға тырысу керек. Бір қуантарлығы топтан шығуға деген мүмкіндік мол бізде...
26 қазан 2018 ж. 764 0