Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕКІ АЛТЫН ҚОРЖЫНДА

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕКІ АЛТЫН ҚОРЖЫНДА



Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы екі «алтынмен» толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, алдымен саблядан Қазақстан әйелдер командасы финалда Оңтүстік Корея спортшыларын 45:32 есебімен жеңіп, чемпион атанды. 

Қазақстан намысын Айбике Хабибуллина, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Карина Доспай қорғаған болатын. 

Хабибуллина саблядан жекелей сында чемпион атанып, Әйгерім Сарыбайдың күміс жүлдегер атанғанын да естеріңізге саламыз.
21 қазан 2018 ж. 719 0