№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕР АЯҚТАДЫ

СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕР АЯҚТАДЫ

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Семсерлесуден Қазақстан командасының бас бапкері Алексей Писцов Азия ойындарына нүкте қойып, спортшылардың аяқ алысына баға берді деп жазады Olympic.kz

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар үшін семсерлесуден Азия ойындары аяқталды. Бүгін шпагашы қыздар ширек финалда Гонконгтан ұтылған болатын. 
"Жоспарды толығымен орындадық. Біз осындай нәтижеге қол жеткізуді көздеген едік. Әрине, кемшін тұстар әлі де жетерлік. Енді қатемізді түзеп, келесі ірі жарыстарға дайындаламыз. Осы орайда, бізге қолдау көрсеткен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне алғысымды білдіремін", - дейді бас бапкер.
Еске сала кетейік, семсерлесуден Қазақстан командасы Азия ойындарында 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
24 тамыз 2018 ж. 725 0