№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ДӘУЛЕТТІҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ ОСАЛ ЕМЕС

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ДӘУЛЕТТІҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ ОСАЛ ЕМЕС


Венгрия астанасы Будапеште күрес түрлерінен өтетін Әлем чемпионатының басталуына да санаулы күндер қалды. 20-28 қазан аралығында өтетін чемпионатта 65 келі салмақта ел намысын қорғайтын Дәулет Ниязбеков құрамадағы ең тәжірибелі балуан. Әлем чемпионатындағы басты үміттеріміздің бірі десек те артық айтқандық емес. Биыл үшінші рет құрлық біріншілігін бағындырған қызылордалық балуанға ел ішіндегі іріктеуден өтудің өзі оңайға түскен жоқ. Себебі аталмыш салмақта Дәулеттен бөлек Саятбек Оқасов, Бурхан Мадияр сынды мықты балуандар өнер көрсетеді. Оған қоса, Саятбек Оқасов Джакартада төрт жылда бір келетін Азия ойындарында қола жүлдені жеңіп алды. Қос мықтының мүмкіндігі Якутиядағы «Коркин» мемориалында бағаланған болатын. Нәтижесінде, Дәулет қола медаль иеленіп, байрақты бәсекеде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Дәулеттің қарсыластарына келсек, барлығы осал емес.  Өзіне жақсы таныс, басым көпшілігімен боз кілемде белдескен. Азия ойындарының жеңімпазы, Үндістанның мақтанышы Бажранг Бажранг біздің Дәулет үшін қолайсыз қарсыластар қатарында екенін айта кету керек. Бұған дейінгі белдесулерде Бажранг Дәулеттен басым түскен. Бажрангтан бөлек  65 келіде азулы қарсыластар жетерлік. Олимпиада жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Хаджи Алиев (Әзірбайжан), әлем біріншілігінің қола жүлдегері Ахмед Чакаев (Ресей), Олимпиада чемпионы Владимир Хенчигашвили (Грузия), Тимур Очир Тулга (Моңғолия), Даичи Такатани (Жапония), әлем чемпионы Логан Штибер (АҚШ) сынды палуандардың барлығы Венгриядан тек жүлдемен оралсақ деп отырғаны анық.
16 қазан 2018 ж. 713 0