№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПАРА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚОС АЛТЫН

ПАРА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚОС АЛТЫН


Индонезияда өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында еліміз спортшылары бүгін алғашқы және қатарынан екі «алтын» олжалады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметінен. 

Алғашқы алтын медальды 50 метрге пара жүзуден (баттерфляй әдісімен) Сиязбек Дәлиев иеленсе, арасын көп суытпай екінші «алтынды» 100 метрге еркін жүзуден Ержан Сәлімгереев қанжығасына байлады. 

Қуанышты жаңалықпен ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің атқарушы директоры Ержан Сүлейменов Фейсбук парақшасында да бөлісуде. 

Осылайша параспортшыларымыз бүгін алғашқы және қатарынан қос «алтынды» еншіледі. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ІІІ Пара Азия ойындарының 8 қазан күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 4 күміс пен 5 қола жүлде болды. Ал бүгінгі 2 алтын медальмен барлығы 11 жүлде бар. 

Еске салайық, осы күндері Индонезияның Жакарта қаласында ІІІ Пара Азия ойындары өтуде. Паралимпиадашылардың байрақты бәсекесі 18 қазан күні аяқталады. Ел намысын қорғауға 91 спортшымыз аттанды. Олар спорттың 9 түрінен (үстел теннисі, парадзюдо, паражүзу, оқпен ату, парапауэрлифтинг, садақпен ату, шахмат, пара жеңіл атлетика, волейболды отырып ойнау) сынға түсуде. 

Бірінші орын иеленген спортшыға - 10 мың доллар, екінші орын үшін - 5 мың доллар және үшінші орынға - 3 мың доллар көлемінде сыйақы белгіленген. 

Бұған дейінгі Пара Азия ойындарына спорттың 9 түрінен 82 параспортшымыз қатысып, 7 «алтын» медаль иеленген болатын. 
09 қазан 2018 ж. 994 2

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 04:47
Comprare Priligy In Farmacia Tadapox cialis online Preise Cialis C20

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 08:17
cheap generic accutane prix cialis 5mg pharmacie france Amoxicillin For Swollen Glands Kamagra Dosis Diaria Cialis Ou Viagra Ou Levitra