Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қазақстан U-19 құрамасы Түркияны жеңді

Қазақстан U-19 құрамасы Түркияны жеңді

Кеше, 1 қыркүйекте 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин Мемориалы турнирінің топтық кезеңінде екінші ойынын өткізді. 

Александр Кузнецов шәкірттері «А» тобында ойнайды. Бұл жолы қарсылас Түркия жасөспірімдер құрамасы болды. 

Кездесудің 33-минутында Түркия құрамасының қорғаушысы өз айып алаңында Максим Вагановты шалып құлатты. Қазақстан U19 құрамасының капитаны Дінмұхамед Қашкен пенальтиді мүлтіксіз орындады. Ойын соңына дейін осы есеп аяқталды. 

Қазақстан U-19 құрамасы келесі ойынын 4 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласының құрамасымен өткізеді. 

Түркия U-19 — Қазақстан U-19 — 0:1 (0:1) 

Гол: Қашкен 33 — пенальти 
02 қыркүйек 2018 ж. 799 0