№3 (8917) 13

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Облыстан олжалы оралды

Облыстан олжалы оралды


Өткен апта соңында Сырдария ауданында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары арасында облыстық футзал жарысы мәреге жетті.


Қызылорда облысының білім басқармасы, Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілген ұстаздар бәсекесінде Жаңақорған жігіттері жүлделі екінші орынға жайғасып, аудан абыройын асырды.
Дәстүрлі доп додасының биыл ережесі өзгеріп, 40 және 50 жастан асқан мұғалімдер де өнер көрсетуі тиіс болатын .жалпы жарыстың басты мақсаты – АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушылары арасында футзал спортын кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ шеберліктерін арттырып, төзімділікке және командалық жұмысқа тәрбиелеуге бағытталды. Футбол аламанына Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданы және Қызылорда қаласынан командалар қатысып, бақтарын сынады.
Тартысқа толы облыстық жарыста АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушыларымен жасақталған Жаңақорған ауданы командасы күмісті місе тұтты.
Жарысқа қатысқан Жаңақорған ауданы құрама команда мүшелеріне тоқтала кетсек. Ә.Камалдин (АӘТД пәні әдіскері), Д.Өтеев (№3 мектеп-интернат), Н.Ергешбай (№51 мектеп), А.Тайшыбек (№110 мектеп), Ғ.Айтбаев (№166 мектеп), А.Абутрапов (№169 мектеп), Н.Дауылбаев (№208 мектеп), Е.Сарсенханов (№209 мектеп), Е.Асқаров (№221 мектеп), Р.Сүлейменов (№247 мектеп), Б.Нұрмышов (№293 мектеп) және Н.Үсен (А.Абдуллаев)
Жарыс жеңімпаздары облыстық білім басқармасы, Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы және Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің дипломдары, медальдары және кубоктарымен марапатталды.

Арман ЕГЕМБЕРДИЕВ,
бірлестік жетекші

13 қаңтар 2026 ж. 52 0