Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » АӘТД АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

АӘТД АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР


Бесарық ауылындағы №247 орта мектеп базасында Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес, №54, 160, 161, 180, 239, 247, 254 орта мектептерінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен бірлесе алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту мен оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын жүргізу» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтті.

Аталған шараға білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдас­тырушылары және Жаңақорған ауданы қорғаныс істері жө­ніндегі бөлімінің жауапты маманы Айткүл Ахметова қатысты.Семинарға қатысушыларға мектеп ішінде жабдықталған патриоттық бағыттағы көрменің жұмысын №247 орта мектеп АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушы Рыскелді Сүлейменов таныстырды.
Әдістемелік семинардың ашылу салтанаты Мемлекеттік әнұранмен ашылды. №247 орта мектеп директоры Ерлан Ибадуллаев, бірлестік жетекшісі, №192 орта мектеп ұстазы Арман Егембердиев, №167 орта мектептің мұғалімі Ағайдар Мадалиев жылы лебіздерін білдірді.
Семинар бағдарламасы бойынша №161 орта мектеп АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы (одан әрі о/ұ) Сержан Есенқұлов «Азаматтардың әскери борышы мен міндеттері» тақырыбында баяндама жасады. №180 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ Аманкелді Мырзахметов «Теріні қорғаудың жеке құралдары» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. №160 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ Тәжібек Искендиров «АК-74 оқу қаруының бөлшектері» тақырыбында панорамалық сабақ арқылы әдіс-тәсілдерді таныстырса, №54 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ Мырзан Қылышбаев «Әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары, оқу дала жиыны» тақырыбында түсіндірді.
Сондай-ақ, №247 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ Рыскелді Сүлейменов семинарға қатысушы әріптестермен «Әскердегі бір күн» тақырыбында сайыс ұйымдастырып, кабинеттің жабдықталуын таныстырып шықты.
Жиын қорытындысында әр аймақтың басшылары семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Рыскелді СҮЛЕЙМЕНОВ,
№ 247 орта мектеп АӘТД пәні
оқытушы-ұйымдастырушысы

04 қазан 2025 ж. 1 338 0