№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

№16 (8830) 1

01 наурыз 2025 ж.

№15 (8829) 25

25 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » АӘТД: волейболдан облыс чемпионы

АӘТД: волейболдан облыс чемпионы


Апта басында Арал қаласында тұңғыш рет алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары арасында волейболдан облыстық дода жалауын желбіретті. Қызылорда облысының білім басқармасы, тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған спорт бәсекесінде жаңқорғандық мұғалімдер чемпион атанып, мерейімізді үстем етті.


Пән ұстаздары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол спортын дамыту және үздік командаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған аймақ чемпионатына Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласынан командалар қатысып, бақтарын сынады. Жарыс барысында ойыншылар жоғары спорттық шеберлік көрсетіп, тартысты ойындар көрсетті.
Облыстық жарыс қорытындысымен АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушыларымен жасақталған Жаңақорған ауданы командасы жүлделі 1-орыннан көрініп, облыстың тұңғыш чемпиондары атанды. Бұған дейін әскери қолданбалы спорт түрінен ұстаздар да, мектеп оқушылары да өңір біріншілігінде үздік үштіктен түспей келген еді. Енді, міне, волейболдан кім мықты екенін дәлелдеді. Келер жылы осы чемпиондықты қорғап қалуға тырысамыз.
Аудандық білім бөлімінің әдіскер Нұрсұлтан Тұрмаханов пен Қайбрахман Еркінов бастаған командада Сержен Есенқұлов (№161 мектеп), Тоқтар Искендиров (№162 мектеп), Ғалымжан Қошқаров (№164 мектеп), Алмат Абутрапов (№169 мектеп), Олжас Мәмбетәлі (№193 мектеп), Өркен Мүзарапов (№196 мектеп), Нүркен Дауылбаев (№208 мектеп), Бақытжан Нұрмышов (№221 мектеп), Нұртаза Ергешбай (№254 мектеп) өнер көрсетіп, керемет нәтижеге жетті. Айта кететіні, Сержан Есенқұлов жарыстың “Үздік ойыншысы” деп танылды.
Жарыс жеңімпаздары облыстық білім басқармасы, тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы және Арал ауданы бойынша білім бөлімінің дипломдарымен медальдар және кубоктармен марапатталды.

Арман ЕГЕМБЕРДИЕВ,
бірлестік жетекші

01 ақпан 2025 ж. 478 0