№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Геннадий Головкин әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады

Геннадий Головкин әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ертең Ресейде басталатын әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер ESPN басылымына берген сұхбатында айта кетті. Генаны Мәскеуге демеушілерінің бірі шақырған. Құрметті қонақ ретінде мундиальдың ашылу салтанатына қатысады. Спортсүйер қауым төрт жыл күткен футбол мерекесі Мәскеудегі Лужники стадионынан бастау алады. Ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады. Артынша Ресей мен Сауд Арабиясы құрамаларының ойыны өтеді. Геннадий Головкин спорт әлеміндегі ең беделді жарыстарға құрметті қонақ ретінде шақырылып келеді. Жақында ғана ұлымен бірге 2018 жылғы Стэнли кубогының шешуші ойынын тамашалаған болатын. 

13 маусым 2018 ж. 771 0