№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Доп додасы

Кеше Жаңақорған кенті, Хорасан ата көшесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуын орай және ауған соғысының ардагерлері Мұхтар Нарымбетов пен Әділ Қадыровтарды еске алуға арналған футзалдан жасөспірімдер арасында аудандық турнир өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды, - дей келе, ерлік өлмейтінін, Отан алдындағы борыш-міндетін адал атқарып, жанқиярлық ерлік көрсетіп, патриоттық парызын өтеп қайтқан Кеңес жауынгерлерінің алдында кімде-кім болмасын басын иіп, тағзым ететінін айтты.
Турнирге білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын - №163 орта мектебі
2 орын - №169 орта мектебі
3 орын - №110 мектеп-лицейі

Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің грамоталарымен, медалдарымен және кубоктарымен марапатталды.
16 ақпан 2025 ж. 694 0