Мәслихаттар сайлауы

№89 (9002) 24

24 қараша 2026 ж.

№88 (9001) 21

21 қараша 2026 ж.

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Тұңғыш чемпион қыз

Тұңғыш чемпион қыз

Аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова тарихи жеңісті қанжығалады. Қазақ қызы MMA IMMAF бойынша елімізден шыққан тұңғыш чемпион атанды. Аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен (IMMAF) Ташкентте (Өзбекстан) өтті. Спортшы қыз 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Ширек финалда жерлесіміз анголалық Эсперанса Чилалды 17:5 есебімен жеңіп, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан басым түсті (11:1). Ал финалдық айқаста мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, қарсыласын тас-талқан етіп ұтты, есеп – 13:1.
«Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш чемпион. Тарихи жеңіс», деп жазды Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.
Ташкенттегі турнир 4-10 қараша аралығында өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбековадан бөлек қазақстандық Ерұлан Қабдолов (52,2 келі) та чемпион атанса, тағы алты спортшымыз күміс және қола медаль еншіледі.
10 қараша 2024 ж. 1 023 0